AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланд...

Еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Әлеумет Бүгін 08:42 43 yakiya
Еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды
Элеонора Якия

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы қолайсыз, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Астанада күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Жетісу облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында найзағай болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде – өте жоғары өрт қаупі. Талдықорғанда жоғары өрт қаупі күтіледі.

Атырау облысында түнде солтүстік және шығыс бөліктерінде жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарында жаңбыр мен найзағай, ал солтүстік-батысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігі, батысы және шығысында екпіні 15–20 м/с болады. Атырауда күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Маңғыстау облысының батысы, солтүстігі және орталығында жаңбыр мен найзағай болады. Облыстың батысы мен орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз батыс, солтүстік және орталықта екпіні 15–20 м/с. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігі, шығысы және таулы аймақтарында жаңбыр мен найзағай болады. Солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында түнде жаңбыр, орталық бөлігінде кей жерлерде қатты жаңбыр болады. Күндіз батыс, шығыс және орталықта жаңбыр күтіледі. Батыс пен орталықта найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз оңтүстікте екпіні 15–18 м/с. .

Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз оңтүстікте екпіні 15–20 м/с.

Түркістан облысының таулы аймақтарында қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, тауда екпіні 15–20 м/с. Солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының шығысы мен орталығында, сондай-ақ оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да жоғары өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының батысы, солтүстігі және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында да жоғары өрт қаупі бар.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында жаңбыр мен найзағай болады. Түнде және таңертең таулы жерлерде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстік-шығысы мен тауларында екпіні 15–20 м/с. Орталығы, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, батысында – жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қостанай облысының батысы, солтүстігі және шығысында түнде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ болады. Күндіз солтүстік пен шығыста жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысы, солтүстігі және шығысында екпіні 15–20 м/с. Қостанай қаласында түнде және таңертең жаңбыр, найзағай күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде түнде және таңертең екпіні 15–20 м/с. Түнде шығысында үсік күтіледі. Батысы мен солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысында жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде және таңертең кей жерлерде екпіні 15–20 м/с. Түнде батыс және орталықта топырақ бетінде –1°C үсік болады. Солтүстік-батысы, шығысы, оңтүстігі және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысы, солтүстігі және орталығында жаңбыр мен найзағай болады, күндіз оңтүстігінде аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысы, солтүстігі және шығысында екпіні 15–20 м/с. Оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда да жел екпіні 15–20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр, найзағай, күндіз батыс, солтүстік және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Түнде және таңертең оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде оңтүстік пен шығыста екпіні 15–20 м/с, күндіз 15–20 м/с, кейде 25 м/с-қа дейін жетеді. Батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде күндіз жаңбыр мен найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, солтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Солтүстігі, батысы және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының шығысы, оңтүстігі және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да жоғары өрт қаупі бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде жыл басынан бері 900-ден астам заңсыз қару тәркіленді

Бүгін 09:59

Алматы курорттарына шамамен 3 млн адам келген

Бүгін 08:56

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Кеше 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Кеше 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Кеше 18:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);