конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздің басты ақпараттық арнасындағы ауқымды өзг...

Еліміздің басты ақпараттық арнасындағы ауқымды өзгеріс

Әлеумет 08.12.2023, 05:59 951
Еліміздің басты ақпараттық арнасындағы ауқымды өзгеріс
Сурет: 24 kz

Басты өзгеріс – телеарна енді «24 KZ» деп аталады.


«Хабар 24» телеарнасы алдағы 11-желтоқсаннан бастап жаңа атаумен және өзгеше форматпен эфирге шығады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz «Хабар» агенттігінің баспасөз қызметі сілтеме жасап.


 Сондай-ақ халыққа елдегі және әлемдегі жаңалықтарды жеткізудің тың тәсілдері енгізіледі.  


Аудиторияның сұранысына және Google Trends мәліметтеріне қарағанда, телеарнаны ғаламтордан іздегенде «24 KZ» атауы «Хабар24»-ке қарағанда жиі қолданылады. Сонымен қатар, бұл елдік ерекшелікті білдіретін мәнге ие. Қазақстанның телеарнасы екенін шетелдіктер KZ белгісі арқылы бірден тани алады. Өзгерген логотиптегі заманауи эстетикалық элементтің өзіндік мазмұны бар. Ондағы шуағын шашып, көтеріліп келе жатқан күн белгісі жаңа күннің басталғанын бейнелейді. Қайнаған тынымсыз тіршілік басталып, толассыз ақпараттар легі ағытылады дегенге саяды.


Көрерменге ұсынылатын ақпараттың мазмұны мен эфирден берілу формасы телеарнаның шығармашылық шеберханасындағы басты өзгеріс болмақ. Жаңалықтар шығарылымдарының уақыты ұзартылып, елеулі оқиғалар терең және жан-жақты талданып, сараптамалық сипаты басым болады.  


Сонымен қатар «24 KZ таңы»/«Утро 24 kz» таңғы ақпараттық шоуы мен «Prime Time» кешкі қорытынды ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы эфирге шығады. Бұл жобалар заманауи технологиямен жарақталған жаңа студиядан беріледі.


Аймақтық және халықаралық тілшілер қосынын күшейткен телеарна жер жаһанның түкпір-түкпірінен тікелей эфирге қосылу арқылы эксклюзивті ақпараттар таратуға басымдық береді.  



«Біз уақыт көшінен қалмауымыз керек. Телеарна ақпарат таратқанда жеделдік пен объективтілік қағидаттарын негізге алады. Қазақстанның басты ақпараттық телеарнасындағы өзгерістер алға жылжудың жаңа кезеңін айғақтайды. Ақпарат айдынында бәсекеге қабілетті болу - уақыт талабы. Сондықтан, төрткүл дүние жаңалығын жан-жақты жеткізіп, талғамы биік көрерменнің сұранысын қанағаттандыруға күш саламыз», - деді «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы Кемелбек Ойшыбаев.



Естеріңізге сала кетейік, телеарна 2012 жылдың 1 қыркүйегінде алғаш рет эфирге шықты. Содан бергі уақытта еліміздегі ақпараттық хабар тарату саласында жетекші рөл атқарып келеді. «24 KZ» ұсынатын эфир материалдары - 100% арнаның өз өнімі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мәдениет #саясат #экономика #сайт #өзгешелік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Бостандық ауданының әкімі ашық meet-up өткізді

Кеше 19:00

Сайлауалды науқанда басты назар – еңбек адамы: партиялар мұғалімдерге, дәрігерлерге және өндіріс қызметкерлеріне не ұсынады?

Кеше 17:29

Арбатта «Сайлау» әуеге көтерілді: Алматы жастары сайлау туралы авторлық әнмен жарқын флешмоб ұсынды

Кеше 16:47

Тағы 1832 пәтер: Алматыда қоныс тойын тойлайтын тұрғындарға кілт табыстаудың екінші кезеңі өтіп жатыр

Кеше 13:53

Қостанай облысында еліміздің ең ірі аграрлық іс-шараларының бірі – «Қостанай дала фестивалі – 2026» өтіп жатыр

Кеше 12:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);