AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздің бас мүфтиі Ораза айт мерекесімен құттықт...

Еліміздің бас мүфтиі Ораза айт мерекесімен құттықтады

Әлеумет 30.03.2025, 07:24 743 dulatbekova
Еліміздің бас мүфтиі Ораза айт мерекесімен құттықтады
Сурет: Muftyat.kz

ҚМДБ төрағасы Ораза айт мерекесімен құттықтады.

«Сіздерді күллі мұсылман баласының ұлық мерекесі – Ораза айттың келуімен шын жүректен құттықтаймын! Айт қабыл болсын!

«Айт» сөзі – «мерекелеу», «хал сұрасу», «бір-бірін қуанту», «қуанышқа топталу» деген мағыналарды білдіреді. Ораза айт мейрамында жүрекке мейірім, қуаныш сезімі ұялайды. Осынау сәулелі сәтте баршаңызға риясыз ниетпен Алланың амандығы мен берекесін тілеймін. Жаратқан жанұяларыңызға жар болсын!

Ораза айт – бір ай бойы ораза ұстап, ықыласпен жақсылық жасаған адамның құрметке, марапатқа ие болатын сәті. Алла Тағала: «Мен парыз еткен оразаны пенделерiм өтеп, ақысын алуға (айт намазын өтеуге) мешiтке бет алды. Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiң пәрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенелсiн...» дейді. Раббымыз баршамыздың қуанышымызды арттырып, екі дүниеде де мерейімізді үстем еткей.

Алла Тағала ұстаған оразамызды, мұқтаж жандарға үлестірген зекетіміз бен пітір садақамызды, берген ауызашарымызды қабыл етіп, мол сауап жазғай.

Сауаптар еселеніп жазылатын берекелі айда көңілі жабырқау жандардың жүрегіне қуаныш сыйлауға тырыстық. Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі бастамасына үн қосып, мешіттерімізде атқарылған ізгі іс-шараларға, «Рамазан сыйы» қайырымдылық акцияларына белсенді түрде үлес қосқан барша жомарт жандарға Алланың нұры жаусын деймін.

Ораза айт мерекесі құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ пен береке, бірлік пен татулық тілеймін. Алла Тағала келесі Рамазан айына да төрт көзіміз түгел аман-есен жетіп, игі басқосуларда жүздесуді жазғай. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай! Әумин»! - деді өз сөзінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ораза айт #құттықтау #Бас мүфти
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);