Еліміздің 6 облысында күн қатты ыстық болады

Еліміздің 6 облысында күн қатты ыстық болады Сурет:интернеттен

Қазақстанның басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.


Синоптиктер бүгінгі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады: жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.


Республиканың шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл, түнде және таңертең солтүстік-батыста тұман болады деп күтілуде.


Күндіз Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында, Жетісу облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Абай облысында 35-42°с қатты ыстық сақталады.


Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік, Шығыс Ақмола облыстарының, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстікте, орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, Қызылорда облысының шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21