Еліміздің 14 өңіріне ескерту жарияланды

Еліміздің 14 өңіріне ескерту жарияланды Сурет: интернеттен

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 8 маусымда еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Семей қ.: 08 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Астанада кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстік жартысында, солтүстік-батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық, 36 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіптілігінен (4 класс) төтенше (5 класс) өрт қауіптілігіне дейін жоғарылауы күтіледі. Қонаев қ: 08-12 маусымда күндіз 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:43

11:36

11:25

10:36

09:50

09:43

09:01

08:49

08:01

20:25

19:51

19:02

18:49

18:42

18:02

17:38

17:29

16:40

16:24

16:18

15:52

15:31

15:25

15:08

14:22