Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздің 14 облысына дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 14 облысына дауылды ескерту жарияланды

Әлеумет 28.12.2024, 10:10 1,061
Еліміздің 14 облысына дауылды ескерту жарияланды
Сурет: Pikabu.ru

Кей өңірде қар жауады, көктайғақ болады.

Астанада және Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада кей жерлерде қар жауады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысында түнде, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде екпіні 15-20, облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні 25 м/с, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Көкшетауда түнде қарлы боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында тұман түседі. Атырауда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде және солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Оралда көктайғақ, тұман күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың батысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с.

Түнде Абай облысының батысында және солтүстігінде бұрқасын, күндіз бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, батыста, солтүстікте, облыс орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Семейде таңертең және күндіз қарлы боран соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында қалың қар жауады. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында қарлы боран, күндіз бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың батысында, солтүстікте, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Өскеменде күндіз қарлы боран соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды ​​облысының батысында, солтүстігінде және шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда таңертең және күндіз қарлы боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан, солтүстік және шығыста жел соғады 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с. Павлодарда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан оңтүстік-шығысқа бұрылған жел соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с болады.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі. Қызылордада кей жерлерде тұман күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі. Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі. Түркістанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар жауып, бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Петропавлда түнде қарлы боран соғады. Батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #Қар #Ескерту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика