Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздің 13 өңірі «жасыл» аймақта

Еліміздің 13 өңірі «жасыл» аймақта

Әлеумет 15.06.2021, 14:15 1,745
Еліміздің 13 өңірі «жасыл» аймақта
Сурет: Primeminister.kz

Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді.


ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай қаралды,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасай отырып.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты вакциналау барысы мен қазіргі жағдай туралы баяндады.



Еліміз COVID-19 таралу қарқыны бойынша «жасыл» аймақта орналасқан. Вирустың репродуктивтік индексі 0,9, инфекциялық төсек-орын жүктемесі 23%-ды, реанимациялық төсек-орын жүктемесі 21%-ды құрайды.



«Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан қаласы, «сары аймақта» Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған 13 өңір – «жасыл аймақта». Бүгінгі таңда 2,5 млн-нан астам адам бірінші компонентті, 1,4 млн-нан астам адам екінші компонентті алды.


Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауды, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтауға және халықты вакциналауға ерекше назар аударуды тапсырды.



«Маска тағу режимі, әсіресе, ғимарат ішінде сақталады. Мониторингтік топтар жұмысты жандандырсын. Аймақтағы көршілерімізде аурудың өсуі байқалады, сондықтан қосымша алдын алу шараларын қабылдау қажет. Ең алдымен, вакцинамен қамтуды кеңейту керек. Вакциналаудың күнделікті көлемін арттырған жөн», — деді Асқар Мамин.



Премьер-Министр Ashyq қосымшасын одан әрі енгізуді, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді және халықты вакциналауға ынталандырудың пәрменді тетіктерін әзірлеуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сагинтаев #Алатауский район #Зердели #аким #Қазақстан #кви #жасыл #аймақ #Минздрав
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55

ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Бүгін 10:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика