конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздің 10 өңірінде ауа райы күрт нашарлайды

Еліміздің 10 өңірінде ауа райы күрт нашарлайды

Әлеумет 22.04.2026, 08:52 359 yakiya
Еліміздің 10 өңірінде ауа райы күрт нашарлайды

2026 жылғы 22 сәуірде Қазақстанның 10 облысына дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Қазгидрометтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында түнде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі.

Жамбыл облысында таңертең және күндіз батыста, солтүстікте, оңтүстікте және таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Таулы аудандарда тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

Ұлытау облысында күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз батысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Жезқазған қаласында күндіз кей уақытта жаңбыр, найзағай, бұршақ болады.

Қарағанды облысында күндіз батыста, солтүстікте, шығыста жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз шығысында, орталығында екпіні 15-18 м/с. Қарағанды қаласында күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ болады.

Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай болады. Жел оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен соғады, күндіз батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында түнде оңтүстігінде, таулы аймақтарында жаңбыр, найзағай, қатты жел күтіледі, күндіз батыста, солтүстікте, оңтүстікте, таулы және тау етегіндегі аймақтарда жаңбыр, найзағай болады, күннің екінші жартысында таулы және тау етегіндегі аймақтарда қатты жаңбыр күтіледі. Таулы аймақтарда тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, ең шеткі батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз 15-20 м/с. Қызылорда қаласында күндіз жаңбыр, найзағай болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең батысында тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз 15-20 м/с. Петропавл қаласында оңтүстік-батыс желі, күндіз 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстікте, шығыста тұман болады. Жел оңтүстік-батыс, оңтүстіктен соғады, күндіз кей жерлерде екпіні 15-20 м/с. Түнде солтүстікте және шығыста -3 градусқа дейін үсік күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады. Түнде топырақ бетінде -3 градусқа дейін үсік күтіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Корея Республикасының жетекші сарапшылары қатысатын халықаралық форумы өтеді

Бүгін 17:16

Алматы кітапханаларына жарты жылда 700 мыңнан астам келуші тіркелді

Бүгін 16:18

«Әке жолын қуса - игі»: Ұлттық ұланда әскери әулет дәстүрі жалғасып келеді

Бүгін 15:44

Алматыдағы тағы бір көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 15:35

Алматыда арық желісіндегі ақауы анықталған учаскелер қалпына келтіріліп жатыр

Бүгін 14:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);