AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Еліміздегі көпшілікке арналған тұңғыш кітапхана қа...

Еліміздегі көпшілікке арналған тұңғыш кітапхана қай қалада ашылған?

Керек кеңес 13.03.2023, 11:51 2,570
Еліміздегі көпшілікке арналған тұңғыш кітапхана қай қалада ашылған?
Сурет: Bilimdinews.kz

 Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның ең ерекше бес кітапханасын атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


1.​ Ең алғашқы кітапхана


Еліміздегі көпшілікке арналған тұңғыш кітапхана 152 жыл бұрын (1871 жылы) Орал қаласында ашылды. Кітапхана ғимараты қаланың ең көрнекті тарихи-мәдени және сәулет ескерткіші ретінде танымал. Бүгінде Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапхана өңірдегі 360 кітапхананың әдістемелік орталығы саналады.


2.​ Ең көп қолжазба мен сирек қорлар сақталған кітапхана


Еліміздегі сирек қорлар мен қолжазбаларға бай кітапхана - Абай атындағы Абай облыстық әмбебап кітапханасы. Кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатарында қазақтың кемеңгер ақыны Абай Құнанбайұлы да болған. Мұнда 4 мыңнан астам өте сирек кездесетін кітап сақталған. Хронологиялық тұрғыдан әдебиеттер тізімі XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырды қамтиды.


3.​ Ең көп кітап қоры бар кітапхана


Еліміздегі кітап қоры ең көп кітапхана – Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы. Мұнда 7 млн-нан астам кітап бар. 1910 жылы іргетасы қаланған кітапхана 1931 жылы Үкімет қаулысына сәйкес Қазақ ССР-нің Мемлекеттік көпшілік кітапханасы болып қайта құрылған. Бүгінде Ұлттық кітапхана республика кітапханаларының ғылыми-әдістемелік орталығы ретінде танымал.


4.​ Ең заманауи кітапхана


Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы модернизациядан кейін «Ең заманауи кітапхана» атағына әбден лайық.


Кітапхана жанынан коворкинг-орталық ашылғалы бұл жер жастардың бас қосатын әдеби және мәдени демалыс орнына айналған. Кітапхана OpenSpace форматында қызмет көрсетеді. Оқырмандарға қолайлы жағдай жасау үшін мұнда Silent zone (тыныш аймақ), Single zone (жеке аймақ), Public spase (топтық аймақ), Atrium (атриум) қарастырылған.


5.​ Ең цифрлы кітапхана


Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы цифрлы және электронды контент бойынша еліміздегі ең үздік кітапхана саналады. 2004 жылы ашылған кітапхана «Қазақстандық электрондық мемлекеттік кітапхана қоры» (kazneb.kz) жобасын жүзеге асырып отыр. Аталған порталға еліміздің мәдени-әдеби, тарихи құндылықтарына қатысты 70 мыңнан аса электронды контент енгізілген.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітапханалар #Қазақстан #ерекше
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды алматылықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Бүгін 14:43

Алматының саябағында: тазылар, бүркіттер, аңыз-әфсана кейіпкерлері

Бүгін 14:22

Бакуда қазақы үлгідегі Наурыз мерекесі кең көлемде тойлануда

Бүгін 14:14

Сайран көлінің жағасында Наурыз тойы өтіп жатыр

Бүгін 13:46

Руханият пен технология тоғысты: KitapFest–2026 жаңа форматта өтті

Бүгін 13:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика