Еліміздегі балалар үйлерінің санын 2 есеге азайту көзделіп отыр

Еліміздегі балалар үйлерінің санын 2 есеге азайту көзделіп отыр Сурет: 24.kz

Бүгінде елдегі 116 балалар үйінде  3700-ге жуық жасөспірім тәрбиеленіп жатыр.


Алдағы жылдары еліміздегі балалар үйлерінің санын 2 есеге азайту көзделіп отыр. Бүгін елордадағы қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына барған Премьер-министр Әлихан Смайылов осылай деді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


24.kz-тің ақпараты бойынша, орталықта 3 жастан 18 жасқа дейінгі 66 бала тәрбиеленіп жатыр, оның 28-і – жетім бөбек. Әлихан Смайылов тәрбиеленушілерді Балаларды қорғау күнімен құттықтап, олардың тұрмысымен және оқу жағдаймен танысты. Кездесу барысында Үкімет басшысы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді. Биыл әлеуметтік осал топтар үшін жалдамалы пәтерге 100 млрд теңге бөленсе, соның 20%-ы жетім балаларды баспанамен қамтуға бағытталады.



«Біздің мақсатымыз – алдағы 3 жылдың ішінде балалар үйлерінің санын 2 есеге қысқартып, сол жердегі балаларды барынша отбасыларға орналастыру. Туысқандарының, патронаттық отбасылар бар, соларға жағдай жасауымыз керек. Сондықтан біз тиісті заңнамаға өзгеріс енгізіп жатырмыз», - дейді ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов. 



 Соңғы 10 жылда елдегі балалар үйлерінің саны 41%-ке, ал ондағы балалар саны 65%-ке азайған. Бүгінгі кездесу барысында елордадағы балаларды қолдау орталығының директоры Бибігүл Такисова Премьер-министрге мекеме аумағында спорт алаңын салу жөнінде өтініш білдірді. Әлихан Смайылов қала әкімі Жеңіс Қасымбекке осы мәселені қысқа мерзімде шешуді тапсырды.



«Кейінгі 3 жылда 40 баланы отбасыларға, қамқорлыққа, патронаттыққа орналастырдық. Туған ата-аналарына табысталғандары бар. Балаларды отбасыларына оралту мақсатында құжат рәсімдеу, материалдық көмек көрсету бағытында жұмыстар атқарып жатырмыз», - дейді Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының директоры Бибігүл Такисова.


«Біз көтерген проблемалық мәселелер – бұл, ең алдымен, баспана түйткілі. Біздің қауымдастық мәліметіне сай, балалар үйлерінің 62 мың түлегі пәтер кезегін күтіп отыр. Осы мәселелерді жиі талқылап, шешу жолдарын табу өзекті болып отыр», - дейді Қазақстанның балалар үйлері түлектері қауымдастығының басшысы Рафаэль Гасанов.





Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:01

17:51

17:27

17:14

17:02

16:28

16:22

16:18

15:41

15:37

15:30

15:26

15:05

15:00

14:44

14:38

14:35

14:26

13:22

12:35

12:23

11:55

11:52

11:47

11:44