AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жаңа Конституция / Елімізде жаңа Конституцияға байланысты бірқатар за...

Елімізде жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Жаңа Конституция 02.04.2026, 10:24 235 yakiya
Елімізде жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Құжатта бірқатар іс-шаралар көзделген, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының 2026 жылғы 26 наурыздағы бұйрығымен "2026 жылғы 15 наурызда қабылданған ҚР Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Президент Жарлығын орындауды бақылауды бекіту құжаты мақұлданды.

Құжатта бірқатар іс-шаралар көзделген.

Атап айтқанда:

"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Конституциялық заң жобасын дайындау – 2026 жылғы 30 сәуірге дейін;

"Қазақстан Халық Кеңесі туралы" Конституциялық заң жобасын әзірлеу – 2026 жылғы 30 сәуірге дейін;

"Қазақстан Республикасының астанасының мәртебесі туралы" Конституциялық заң жобасын дайындау – 30 сәуірге дейін;

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Конституциялық заң жобасын әзірлеу – 30 сәуірге дейін.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметіне, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға 2026 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді Конституция талаптарына сәйкестендіру бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Үкіметке бұдан бөлек 2026 жылғы 7 сәуірге дейін Қазақстан Республикасының Конституциясын ілгерілету жөніндегі жоспарды бекіту міндеттелді.

Құжатта құрылымдық бөлімшелерге бекітілген тапсырмалардың уақытылы әрі толық орындалуын қамтамасыз ету жүктелген.

Аталған бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда "Астананың мәртебесі туралы" Конституциялық заң жобасы әзірленгені хабарланған болатын.

Жаңа Конституцияның мәтіні 2026 жылғы 18 наурызда ресми түрде жарияланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Отбасы күні: ұзақ жыл отасудың сыры неде?

Бүгін 09:22

15 мамырда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:31

Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

Кеше 20:28

Демеу Жадраев 77 келіге дейінгі салмақта Қазақстан Кубогының чемпионы атанды. Финалда Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері - Қаһарман Қисметовтан басым түсті

Кеше 19:01

Елордалық жасөспірім шахматтан Қазақстан чемпионы атанды

Кеше 19:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);