AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде заңсыз ішімдік шығаратындар көбейіп барад...

Елімізде заңсыз ішімдік шығаратындар көбейіп барады

Әлеумет 02.12.2022, 07:53 1,751
Елімізде заңсыз ішімдік шығаратындар көбейіп барады
Сурет: Kazgazeta.kz

Шымкент, Түркістан, Алматы қалаларында заңсыз арақ шығаратын 40 цех жабылды.


Ал мамандар алкогольдің адам өміріне қауіп төндіретінін айтады. Елдегі астыртын арақ өндірісі жаға ұстатарлық. Бұған дәлел де жоқ емес. Күні кеше ғана Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында мың жарым литрге жуық спирттік өнім  айналымнан шығарылды. Жасырын цехтардан тәркіленген ішімдіктер арнайы полигонда жойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Контрафактілі қойма Петропавл қаласында да анықталды. Бұл жерден 740 литр спирт, 50 литр коньяк құйылған ыдыс табылды. Ал алкоголь қауымдастығының басшысы бұл тұста шағын дүкендер мен қаладан шеткері базарларды тексеру қажеттігін айтады. Айтуынша, шалғайдағы өңірлерді қойып, Астананың өзінде пластик құтыға құйылған арақ саудаланып жатыр. 



«Біз ұсақ магазиндерде көлеңкедегі арақтың пластик бөтелкеге құйылған түрін таптық. Осы Астанадан 3 нүкте табылды. Біз ол туралы Үкіметтің тексеру органдарына хабарладық. Арақтың өзінің зиянын білеміз. Құрамындағы спирт пластик ыдысқа құйылғанда, реакцияға түсіп, улы зат бөледі. Адам одан уланып қалуы мүмкін. Сондықтан біз осымен күресуге атсалысып жатырмыз», - деді «Казалкотабак» қауымдастығының президенті Әміржан Қалиев. 



"Ал арзан деп сапасына бас қатырмайтындар ауруға душар болады", - дейді, иммунологтар. Тіпті жасанды арақ ішудің соңы өлімге әкеп соғуы мүмкін. 



«Жалпы, ішімдіктің өзі адам денсаулығына кері әсер ететінін айтып жүрміз. Алайда, қазір нарықта оның түр-түрі бар. Ал, сапасына көпшілігі бас қатырмайды. Астыртын ішімдік жасаушылар алкогольді алмастырғыштардың басқа түрін қолдануы мүмкін. Мысалы, метил спирті этил спиртіне ұқсағанымен, өте қауіпті. Оның аз мөлшерінің өзі адамды көз жанарынан айырады. Ал мөлшері артып кетсе, өлімге душар етеді», - дейді иммунолог Рафаил Розенсон.  



Ал санитарлық бақылау саласының мамандары өнім сапасын тексеріп отыратынын айтады. Биыл 1100-ден астам алкогол өнімдеріне зерттеу жүргізген. Осы өнімнің 3 пайызы күмән туғызған. Себебі таңбалануында нақтылық жоқ. Демек, құрамы күмәнді. 



«Әрбір тұтынушы алькогольдік өнімді алғанда, бірінші таңбалануына, этикеткасына қарау керек. Ол өнім қай жерде шықты, өндірушінің атауы, мекенжайы, сақталу мерзімі, құрамы - бәрі болу керек. Толық ақпарат болмаса, шет тілінде жазылған немесе мемлекеттік аудармасы болмаса, бұл заң бұзушылық болып табылады. Болмаған жағдайда сауда орнынан өнімнің қауіпсіздігі туралы құжатын сұрау керек», - дейді қалалық техникалық регламенттер талаптарын бақылау бөлімінің басшысы Қарлығаш Әбдішева. 



"Астыртын арақ өндірісі жойылмай, қауіп сейілмейді. Бұл, бір жағынан, алкогольдің заңды нарығын тығырыққа тірейді", - дейді мамандар.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#заңсыздық #арақ өндірісі #Ішімдік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);