Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде ыстық пен радиацияға төзімді кабельдер шы...

Елімізде ыстық пен радиацияға төзімді кабельдер шығарылады

Әлеумет 02.02.2023, 07:24 1,115
Елімізде ыстық пен радиацияға төзімді кабельдер шығарылады
Сурет: Pixabay

Бұл технологияны ЕҰУ ғалымдары ойлап тапты.


Қазақстанда алғаш рет радиациялық модификацияланған кабельдер шығарылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы "Ядролық технологиялар паркі" АҚ өндірушілермен бірлесе радиациялық-модификацияланған оқшаулау қабаты бар мұнай-суасты және фотовольтаикалық кабельдердің алғашқы қазақстандық өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр.


ЕҰУ ғалымдары шетелдік әріптестерімен бірлесе инертті ортада жоспарланған өңдеу технологиясына өзгерістер енгізіп, кабельдік өнімнің пайдалану қасиеттерін жақсартқан. Бұл өндіріс әдісі біздің елде қолданылмайды.


Кабельдердің басты артықшылығы – жоғары температураға төзімділік.



"Кабельдік-өткізгіш өнімдерін жасайтын жергілікті өндірушілер тек оқшаулағыш қабатты пероксидті біріктіру әдісін қолданады. Біз "Қазэлектромаш" ЖШС-мен бірлесіп, Қазақстанда бірінші болып радиациялық-модификацияланған оқшаулау қабаты бар кабельдік өнімнің мұнай-суасты және фотовольтаикалық түрін шығарамыз. Бұл оқшаулағыш полимердегі гель-фракцияның құрамын арттырады және кабель-өткізгіш өнімдерінің физикалық-механикалық сипаттамаларын - ыстыққа төзімділікті (теріс және оң температураларға), агрессивті ортаға төзімділікті (сілтілі, қышқылдық орта) және радиацияға төзімділікті жақсартуға мүмкіндік береді", - дейді "Ядролық технологиялар паркі" АҚ инженер-физигі, жоба жетекшісі Азат Нұрқасымов.



Радиациялық модификацияланған оқшаулағыш қабаты бар мұнай-суасты және фотовольтаикалық кабель пайдалы қазбаларды және баламалы энергия көздерін өндіруге арналған.


Ғалымдар ғылыми жобаны коммерцияландыруды жоспарлап отыр. Өндірісті 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосу көзделген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кабель #ыстық #радиация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің еріктілері «Аяла» орталығында қайырымдылық акциясын өткізді

Бүгін 21:18

«Орталық Азия мұраты» монографиясы жарық көрді

Бүгін 18:31

Қазақстан прокатына «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» деректі фильмі шығады

Бүгін 18:14

Алмаша Аренова: Қазақстан мен Орталық Азияның стратегиялық әріптестігі жаңа жаһандық жағдайда айрықша мәнге ие

Бүгін 18:10

Қазақстанда балалар күніне 130 минут TikTok көреді

Бүгін 18:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі