Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Елімізде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет неме...

Елімізде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет немен айналысады?

Барлығы 24.06.2025, 17:36 901
Елімізде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет немен айналысады?
Сурет: Rbc.ru

Қазір Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесі халықтыңтұрмыс сапасын арттыруға және мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл қызметтер азаматтардың денсаулығы, қауіпсіздігі, білім алуы, кәсіпкерлікпен айналысуы сияқты өмірдің түрлі салаларын қамтиды.

Мемлекеттік қызметтердің маңызды салаларының бірі – санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету. Бұл бағытта елімізде түрлі қызметтер көрсетіледі:

– санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру оның ішінде:

1) "Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру"
2) Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру;
3) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу объектілерді тіркеу;
4) Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу
5) Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтерді көрсетуге лицензия беру"

Бүгінде бұл қызметтердің барлығы электронды форматта, яғни Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы қолжетімді. ​

Бұл азаматтарға уақытын үнемдеуге, ұзын-сонар кезектерден арылуға, сондай-ақ мемлекеттік мекемелермен ашық және тиімді түрде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері осы саладағы қызметтерді жүзеге асыратын негізгі органдар болып табылады. Олар халықтың денсаулығына қауіп төндіретін факторларды уақтылы анықтап, алдын алу шараларын ұйымдастырады.

Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызмет көрсету – бұл жай ғана құжат рәсімдеу емес, бұл – халықтың өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды тетік.

Әрбір азамат өзіне тиесілі қызметтерді алуға құқылы және бұл үдеріс неғұрлым ашық әрі тиімді болған сайын, қоғамда әділдік пен сенім орнайды.

Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы ​​​​​К. Джубанышева

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қызмет #санитария #эпидемиология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 16:55

Тегеран АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

Бүгін 15:27

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 12:33

Атырау облысында бір топ жігіт полицейлерге шабуыл жасады

Бүгін 11:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика