Елімізде қылмыстық жауапқа тартуды 12 жасқа дейін төмендету ұсынылды

Елімізде қылмыстық жауапқа тартуды 12 жасқа дейін төмендету ұсынылды Сурет: Ernur.kz

 Қазақстан халық партиясы фракциясының басшысы Магеррам Магеррамов өзінің депутаттық сауалында әскердегі өлім, қоғамдағы әлімжеттік пен зорлық жасау, бұзақылық жайттарының тамыры мектептен тарағанын жеткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Оның пікірінше қазір еліміздің білім ордаларындағы тәртіптік жұмысты қайта қарап, үлкен өзгерістер енгізу керек. Депутаттың айтуынша, жайлы және қауіпсіз өмір мектептен басталады. Алайда, еліміздегі мектептерде жайлылық пен қауіпсіздік бар-жоғы жайында сұрақ туындатады.

«Қазақстандықтарды кәмелетке толмаған балалар арасындағы зорлау, ұрып-соғуы және өлім туралы жаңалықтары жаға ұстатуда. Партиямыз кең таралған зорлық-зомбылықтың, әскер қатарындағы өлімнің, дені сау және мықты жігіттерді мүгедектік пен өлімге әкелетін жазатайым оқиғалардың негізгі мектепте тамыр жайған бұзақылық, зорлық-зомбылық, бандитизм мен қылмыстық өмір салттың көрінісі деп санайды. Әскерге мектепте деструктивті ортада тәрбиеленген балалар келеді. Олар өздерінің қылмыстық әрекеттерін сонда жалғастыруда», - деді Магеррам Магеррамов.

Депутаттың айтуынша мектеп баланы қоғамға интеграциялау процесінің алғашқы қадамы екенін ескеруі керек.

«Зорлық - зомбылықты түбімен жою керек. Бірақ бүгінгі күні агрессорлар, жасына байланысты жазасыз қалуда. Бәлкім, біз заң шығарушылар, Ұлыбритания сияқты қылмыстық жауапкершілікке тартуды 14 жастан емес, 12 жастан бастап қайта қарауымыз керек шығар. Мұндай жауапкершілікті әсіресе зорлық жасау істеріне белгілеу қажет. Уәкілетті орган білім беру процесіне ғана емес, сонымен қатар балалардың моральдық-этикалық мінез-құлқына, эмоционалды-психологиялық тұрақтылығына ерекше назар аударуы керек», - деді ол.

Осы тұста Магеррам Магеррамов Мәдениет және ақпарат министрлігінің нақты жұмысының жоқтығын сынады.

«Олар балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығын дәйекті және сенімді қорғауға бағытталған ата-ана, отбасы институтының әлсіреуіне жол беріп отыр. Бұл мәселеде халықаралық тәжірибеге жүгіну керек. Мысалы, Жапонияда білім министрлігі буллингке қарсы арнайы кеңес құрды. Оның қызметі ересектердің балалар үшін қауіпсіз орта құру жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Мұнда мұғалімдерден буллингтің әр жағдайына барынша мұқият қарау, психологтардан балалардың психоэмоционалды жағдайын кәсіби қолдау, ал ата-аналар мен қамқоршылардан мұның алдын алу үшін мемлекеттік жүйемен белсенді ынтымақтастық талап етіледі. Біз кәмелетке толмағандарды құқықтық тәрбиелеудің профилактиканың ерекше әдісін қарауды ұсынамыз. Ол үшін білім беру, ішкі істер және әділет органдары мектептің ақпараттық базасын қамтамасыз етуі керек», - деп қорытты ол.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:34

20:15

19:44

19:19

18:40

18:14

17:50

17:34

17:20

17:05

16:43

16:37

16:20

16:02

15:32

15:25

15:18

15:15

15:09

15:07

14:51

14:50

14:47

14:30

14:18