AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде қалалар ретсіз салынып жатыр

Елімізде қалалар ретсіз салынып жатыр

Әлеумет 28.01.2022, 08:33 1,258
Елімізде қалалар ретсіз салынып жатыр
Сурет: Inbusiness.kz

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев осылай деді.


Осы мәселенің оң шешімін табу үшін министрлік жанынан «Берекелі бастама» порталын іске қосылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Министрдің айтуынша, қалалардың тұрақты өсуі қала кеңістігін қалыптастырудың жаңа тәсілдерін, қала құрылысы регламенттерін нақты сақтауды талап етеді. Бірақ қазіргі уақытта елімізде қалалардың даму перспективалары мен жұртшылықтың пікірі ескерілмей, ретсіз салынуда.


ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанның урбанистер қауымдастығымен бірлесіп, «Берекелі бастама» порталын іске қосады. Онда әр азамат өз қаласының инфрақұрылымын жақсарту туралы ұсыныстар айтып, өзекті бастамаларға дауыс бере алады.


Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.



 «Мысалы, Алматы тұрғындары құмырсқаның илеуі сияқты тым көп адам тұратын үйлерге, елорда тұрғындары демалыс орындары мен әлеуметтік нысандар салмай, ғимараттардың өте тығыз бой көтеріп жатқанына шағымданады. Қазір урбанистер мен қала тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, қалаларда өзгеріс жасау - өте маңызды. Әр азамат өз қаласын дамытуға қатыса алуы үшін халық пен мемлекет арасындағы диалогқа баса назар аударуымыз керек. Дәл осы мақсатта Қазақстанның урбанистер қауымдастығымен бірлесіп, «Берекелі бастама» дауыс беру порталын іске қосамыз,- деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.



Қайырбек Өскенбаев порталда қаланың әр тұрғыны инфрақұрылымды жақсарту бойынша ұсыныстар бере алатынын айтты. Барлық жобаларды урбанистер ғылыми тұрғыдан зерттеп, содан кейін үздіктері дауыс беру порталында жарияланады. Оның қорытындылары бойынша қаржыландыру және іске асырудағы басымдықтар айқындалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қала #урбанист #портал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);