Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Елімізде пайдаланылмайтын көлік иелеріне салық рақ...

Елімізде пайдаланылмайтын көлік иелеріне салық рақымшылығын жасау ұсынылды

Мұны білген жөн 20.12.2021, 07:03 1,178
Елімізде пайдаланылмайтын көлік иелеріне салық рақымшылығын жасау ұсынылды
Сурет: Qazaqstan.tv

Қазақстанда пайдаланылмайтын көлік иелеріне салық рақымшылығын жасау ұсынылды



Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкіметке пайдаланылмайтын көлік иелеріне салық рақымшылығын жасау ұсынылғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ-ке сілтеме жасап

Депутат Жұлдыз Сүлейменова Қаржы министрінен көлік салығына қатысты туындаған мәселені сұрады.



- Қаржы министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2020 жылы «Е-Salyq-Azamat» қосымшасы енгізілгеннен бастап, 10 мыңнан астам жеке тұлға көлік салығын түзетуге өтініш берген. Өтініштер салық сомасын дұрыс көрсетпеу, салық салу объектілері жоқ адамдарға берешектері жөнінде талап қою және басқа да сұрақтарды қамтыған. Бұл ретте болған ақаулар туралы сұрағанда екі министрлік (Қаржы және Ішкі істер министрліктері) дербес негізде ешқандай қателіктердің жоқ екенін айтады. Мысалы, ІІМ өз тарапынан барлық дерек нақты әрі дұрыс енгізілген деп көрсетеді. Ал Қаржы министрлігі өз есептерінде қателіктер жоқ екенін мәлімдейді. Қазіргі таңда осы екі министрліктің бір-біріне сәлтеу нәтижесінде көлік салығы проблемасы орынды шешілмей отыр. Осы ретте жіберілген қателіктердің басты себебі неде? – деп сұрады депутат.



Өз кезегінде Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев депутаттың сұрағына жауап берді.



Екі министрлік осы бағытта ауқымды жұмыстарды істеді. Салық салушылардың қатысуынсыз млн-ға жуық ақпаратты толығымен өзектендірдік. Яғни бұл жерде қателер өте көп кеткен. «Е-Salyq-Azamat» қосымшасының көмегімен қосымша қандай проблемалар барын біліп отырмыз. Бұл жерде халық тарапынан туындаған мәселе бар. Атап айтқанда, адамдар автокөлікті бір-біріне сенімхат арқылы сатып жібереді, бірақ өзінің атынан шығармайды. Одан бөлек, ұрланған көліктер бар және халықтың біршама көлігі миграциялық процестермен басқа мемлекеттерге көшіп, көлігін сенімхатпен сатып кетеді. Сөйтіп көлікті атына аудармайды. Осындай проблемалар барын мойындаймыз, - деп айтты ведомство басшысы.



Министр жоғарыда айтылған кемшіліктер бойынша ІІМ-мен бірлесе жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.



- Мысалы, тағы мынадай мәселелер бар - қайтыс болып кеткен, шетелге көшіп кеткен азаматтар, 60-70 жылдары шығарылған автокөліктер бар. Олар қазір жүрмейді немесе жол апатына түскен жарамайтын көліктер, одан бөлек, бөлшек саудаға жіберілген көліктер де бар. Бұл мәселелер бойынша Үкіметке осындай көліктерге рақымшылық жасау бойынша ұсыныстар беріп отырмыз. Өйткені, олар бәрібір табылмайды, - деп жауап берді министр Мәжілісте.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#ел #көлік #салық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның ғарыштағы жолы

Бүгін 11:07

ХҚКО-лардан тағы бір қызмет алынып тасталды

Бүгін 10:47

15 сәуірге дейін мобильді аударымдар тексеріледі

Бүгін 10:34

Әскердегі әлімжеттікті енді ЖИ қадағалайды

Бүгін 10:28

Ипотека рәсімдеу ережелері өзгереді

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика