конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Елімізде жыл басынан бері 9,5 мың интернет-алаяқты...

Елімізде жыл басынан бері 9,5 мың интернет-алаяқтық анықталған

Оқиға 04.07.2022, 08:01 907
Елімізде жыл басынан бері 9,5 мың интернет-алаяқтық анықталған
Сурет: Gov.kz

Соңғы жеті жылда интернет-алаяқтықты тіркеудің өсу үрдісі көбейгені байқалады.


Қазақстанда жыл басынан бері 9,5 мың интернет-алаяқтық анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Мұндай қылмыстардың өсуінің негізгі шыңы 2020 жылы 14 мың болса, 2021 жылы 21 мың болған. Жыл басынан бері 9,5 мың жағдай тіркелген. Бұл жерде банктік қызметтерді цифрлық форматта кеңейтуді атап өту қажет.



Бұл – онлайн-қарыздарды рәсімдеу, электрондық аударымдарды жүзеге асыру мүмкіндігі. Қазір телефондағы әрбір азаматтың екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары бар. Интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері: интернет-хабарландырулар бойынша тауар немесе қызмет үшін алдын ала төлем не толық төлем алу; пластик карталардың шоттарынан ақша ұрлау; түрлі жобаларға, ойындарға, инвестицияларға, ставкаларға және тағы басқа да жайттарға ақша салу; азаматтардың жеке деректерін иеленуге арналған фишингтік сілтемелерді пайдалану.



Айта кету керек, 2 мыңға жуық жағдайда қылмыскерлер өздерін банктердің немесе Құқық қорғау органдарының қауіпсіздік қызметкерлері болып таныстырған және азаматтардың шоттарындағы күдікті операциялар туралы хабарлады. Көпшілік азаматтардың сенімдері бойынша ақшаны алаяқтар көрсеткен шоттарға өздері аударған немесе алаяқтарға өз дербес деректерін ерікті түрде берген.


Атап айтқанда, қылмыскерлер келесі схема бойынша әрекет етеді: олар телефонға қоңырау шалып, қазіргі уақытта сіздің атыңызға несие алуға тырысқан алаяқтарды ұстау үшін арнайы операция жүргізіліп жатқанын түсіндіреді.


Тағы бір түсіндірмеде жалған полицей қазір ҚР Ұлттық банкімен бірлескен пысықтау жүргізіліп жатқанын хабарлайды және Ұлттық банк қызметкерімен байланысты ауыстыру үшін желіде қалуды сұрайды.



«Әрі қарай телефонның сол жағындағы дауыс сіздің картаңыз бойынша рұқсатсыз ақша аудару әрекеттері жүріп жатқанын және қаражатыңызды үнемдеу үшін белгілі бір соманы сіздің банктік шотыңызға немесе үшінші тұлғалардың шотына салу керектігін түсіндіреді», – деп хабарлады мегаполис полициясы.



Ведомство полиция қызметкерлері ешқашан телефон арқылы арнайы операциялар мен тергеу әрекеттерін жүргізбейтінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#интернет #алаяқ #онлайн
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

22 шілдедегі доллар бағамы белгілі болды

Бүгін 10:35

25 тамыздан бастап жүргізушілерге қойылатын талап өзгереді

Бүгін 10:07

Қазгидромет екі қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 09:58

Бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізілді

Бүгін 09:33

Найзағай, нөсер, бұршақ: бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 09:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);