AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу...

Елімізде жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу бағытында жұмыс істейтін қызмет құрылады

Әлеумет 04.05.2022, 04:34 1,427
Елімізде жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу бағытында жұмыс істейтін қызмет құрылады
Сурет: Inbusiness.kz

Елде синтетикалық есірткілердің жастар арасында таралуының алдын алуға бағытталған гранттық жоба іске аса бастады.


Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, мұндағы мақсат – есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жүргізу және жастар арасында синтетикалық есірткілердің таралуының, пайдаланылуының алдын алу, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Соңғы жылдары есірткінің таралуына қарсы күрес саласындағы жағдай өзгерді. Дәстүрлі есірткіні синтетикалық есірткі деген жаңа психотроптық заттар ауыстырды. Олар бағасының арзандығымен, айқын психотроптық әсерімен, тәуелділіктің жылдам қалыптасуымен ерекшеленеді», - дейді «Серғали-Түркістан» РҚБ төрайымы Шолпан Усманова.



Жоба аясында денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының психолог, наркология қызметі мамандары орта, арнайы орта және жоғары оқу орындарында оқушылар мен студент жастар арасында синтетикалық есірткіні қолданудың қауіптілігі мен салдарын түсіндіру шараларын өткізеді. Сондай-ақ, жоба аясында қазақстандықтар қоңырау шалып, есірткіні пайдалану немесе өткізу фактілері туралы хабарлай алатын қызмет құру көзделген.


«Мамыр айының басында біз анонимді өтінімдерді қабылдайтын қызметті іске қосамыз. Өтінімдер екі арна арқылы қабылданады: Telegram-дағы чат-бот және WhatsApp-тобы. Барлық өтінімдерді құрамында құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар әрекет ету тобы пысықтайды. Сондай-ақ, аталмыш арналарда заңгерлер мен психологтардың онлайн - консультациялары қолжетімді болады», - деді Шолпан Усманова.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Есірткінің алдын алу #Күрес #қызмет түрлері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық балалар танымдық ойынға қатысып, сыйлыққа кенелді

Бүгін 16:06

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған қалалық фестиваль өтті

Бүгін 16:03

Мейірім мерекесі

Бүгін 15:59

«Заң мен тәртіп» – қауіпсіз қоғамның негізі

Бүгін 15:18

Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жұмыс күшейді

Бүгін 15:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);