Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Елімізде география пәні мұғалімдері мен оқушылар ү...

Елімізде география пәні мұғалімдері мен оқушылар үшін «Қызықты ғылым» жобасы басталды

Білім және ғылым 13.09.2022, 10:15 1,471
Елімізде география пәні мұғалімдері мен оқушылар үшін «Қызықты ғылым» жобасы басталды
Сурет: Egemen.kz

Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Оқуға құштар мектеп» бастамасын қолдау аясында атқарылып жатыр.


Аталған жобаны «Шеврон» компаниясының қолдауымен «KAZMEDIA HOLDING» жүзеге асыруда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл бастама аясында өткізілетін арнаулы семинарларда мұғалімдерге 134 жылдық тарихы бар, география, жаратылыстану ғылымдарынан бастап, ғарышты игеруге дейінгі салаларда көпжылдық халықаралық ғылыми-зерттеулер мен фото-бейне деректердің бай қорын қалыптастырған National Geographic журналының ресурстарын тиімді қолдану әдістері таныстырылады. Нұр-Сұлтан қаласындағы география мұғалімдеріне семинарлардың алғашқы бөлігі 13 қыркүйекте өткізіледі.


Жоба екі мақсатты көздейді. Біріншісі - әлемдік деңгейдегі сапалы ғылыми контенттердің қазақ тіліндегі қолжетімділігін кеңейту. Бұл ретте компания National Geographic журналының қазақ тіліндегі жиынтық топтамаларымен республика мектептерінің кітапханаларын қамтамасыз ету жұмыстарын атқаруда. «Шеврон» компаниясының атсалысуымен жыл соңына дейін Батыс Қазақстан облысының және Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының мектептеріне журнал топтамалары тегін тапсырылады.


Жобаның екінші мақсаты - қоғамда ғылымға деген қызығушылықты, ынта-ықыласты арттыру. Соған орай, мектеп мұғалімдері мен оқушыларына арнайы тақырыптық семинарлар өткізіліп, әлемдік ғылыми-ресурстарды сабақ барысында қалай қолдануға, оқушыларды қалай қызықтыруға болатынын, ал оқушыларға ғылыми жобаларына қалай дұрыс пайдалану керектігін жан-жақты түсіндіріледі.


«Шеврон» - дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. "Шеврон" мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегі аз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.


«KAZMEDIA HOLDING» компаниясы баспа және медиа нарықта 2012 жылдан бері жұмыс істейді. Мемлекеттің әлемнің үздік әдеби-ғылыми және іскерлік кітаптарын қазақ тілінде қолжетімді ету бастамасын қолдау аясында «Друкер күнделігі», «Шағын бизнесте қалай көп ақша табуға болады?»,  «Ойлан және байы», «Қаржылық тәуелсіздікке жол», «Жетістікке жеткендердің жеті дағдысы» сынды қаржы-экономика саласындағы танымал туындыларды қазақ тіліне аударып, басып шығарған.


Сондай-ақ 134 жылдық тарихы бар, география, жаратылыстану ғылымдарынан бастап, ғарышты игеруге дейінгі салаларда көпжылдық халықаралық ғылыми-зерттеулер мен фото-бейне деректердің бай қорын қалыптастырған National Geographic журналын 2016 жылдан бері қазақ тілінде шығарып, қазақстандық оқырмандарға ұсынып келеді. 


Өтетін орны: 13 қыркүйек, сағат 15:00-де №72 мектеп-лицейінде, А.Байтұрсынов к-сі, 25, тел.: +7 747 607 0420, +7 701 964 0285

Телеграм арнаға жазылыңыз
#National Geographic #қазақты ғылым #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Оқиғалы туризм Алматыға деген қызығушылықтың негізгі драйверіне айналып келеді — Mastercard деректері

Бүгін 11:04

Ресейлік блогер фотосессия үшін пілді қызғылт түске бояған: Жануар артынша өліп қалды

Бүгін 11:01

Алматы lifestyle-туризм бағыты ретінде мәртебесін нығайтып келеді

Бүгін 10:49

Алматыда екі күнде 2 мыңнан астам көлік айыппұл тұрағына қойылды

Бүгін 10:26

"Әй, ақкөңілім-ай". Мақпал Жүнісова концертіне келген 90 жастағы әжеге жүз мың теңге сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін 10:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика