Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Елімізде футболдан жасөспірімдер арасында жаңа лиг...

Елімізде футболдан жасөспірімдер арасында жаңа лига пайда болды

Спорт 10.03.2023, 12:50 1,172
Елімізде футболдан жасөспірімдер арасында жаңа лига пайда болды
Сурет: El.kz

Қазақстанда футболдан жаңа жасөспірімдер лигасы құрылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 



«QJ League мақсаты - ұлттық құрамға сапалы резерв дайындау. Бұл біздің балалар мен жасөспірімдер футболын дамытудағы негізгі жобаларымыздың бірі. Жаңа лига арқылы біз дарынды балаларды дайындауға көмектесетін жарыс жүйесін құрамыз. Бұл жас таланттар үшін кәсіби футболдағы алғашқы қадам болады», – деді Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов елордада өткен баспасөз мәслихатында.



Лигаға еліміздің барлық өңірінен жас футболшылар қатысады. Турнирдің бірінші маусымына 18 жасқа дейінгі 12 команда қатыспақ. 2025 жылы QJ лигасында ұлдар үшін алты лига (үш жас санатына орай екі лига) және қыздар арасында бір лига құрылады деп жоспарлануда. Жалпы жарысқа 70-тен астам команда мен 3000 спортшы қатысады деп күтілуде.



«Елімізде көптеген дарынды балалар бар. Бірақ олардың өздерін көрсетуге үнемі мүмкіндіктері бола бермейді. QJ лигасын құру арқылы біз оларға мүмкіндік береміз. Балалар футболының дамуына жүйелі түрде қарау керек. Әйтпесе, оң нәтиже болмайды. QJ League- қазақстандық футболдағы революция іспетті, енді жасөспірімдер 100% кәсіби деңгейде ұйымдастырылатын турнирге қатысады. QJ League бүкіл қазақстандық футбол үшін ерекше триггер болатынына, оның дамуына көмектесетініне сенімдімін», - дейді QJ лигасының президенті Рохус Шох.



QJ League-2023 қатысушыларының құрамы: «Ақсу» (Павлодар облысы), «Ақтөбе», «Астана», «Атырау», «Жас қыран» (Алматы), «Қайрат» (Алматы), «Қайсар» (Қызылорда), «Каспий» (Ақтау), «Оңтүстік» (Шымкент), «Ордабасы» (Шымкент), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды).


Лиганың биылғы маусымында 132 матч өтеді. Турнирде әр команда 22 матч өткізеді (үйде және сыртта 11 матч). Маусым қазан айында аяқталады.


Футболдан жасөспірімдер лигасының алғашқы матчы 22 сәуірде «Астана Арена» спорт кешенінде сағат 17:00-де басталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#футбол #жастар лигасы #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13

Алматы дәрігерлері күрделі трихобезоарға сәтті ота жасады

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика