Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде ең жоғары жалақы алатындар кімдер?

Елімізде ең жоғары жалақы алатындар кімдер?

Әлеумет 15.08.2022, 09:42 1,071
Елімізде ең жоғары жалақы алатындар кімдер?
Сурет: Inbusiness.kz

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда ең жоғары айлықты кімдер алып жүргені туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


«Жалақының ең жоғары мөлшеріне қатысты келесіні хабарлаймыз. Бюро жыл сайын «Жалақы құрылымы және оны бөлу туралы есеп» статистикалық нысаны негізінде кәсіпорындарға зерттеу жүргізеді. Есепті жылдың сәуір айында толық жұмыс істеген барлық қызметкерлер зерттеуге жатады.



Осылайша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша, ең жоғары жалақы «Азаматтық құрылыс» саласындағы басқарушыда (коммерциялық қызметте) – 4,5 млн теңге сомасында, сондай-ақ «Шикі мұнай және табиғи газ өндіру» саласындағы бас директорда – 3,9 млн теңге және «Автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа көтерме саудада сату» саласындағы инвестициялық жобалар жөніндегі директорда – 3,9 млн теңге болып белгіленді. Бұл жерде жалақы мөлшері лауазымға және экономикалық қызмет түрі, аймақ, біліктілік, жұмыс өтілі және басқалары сияқты маңызды факторларға байланысты», - деп жазылған  ведомствоның ресми жауабында. 



Сонымен, ең жоғары айлықтың көлемі 3,9 млн теңгеден басталады десек, оны алатындардың еңбекке жарамды халықтың ішіндегі үлесі 0,1 пайызға да жетпейтін көрінеді.



«2021 жылғы зерттеу қорытындысы бойынша, зерттеуге қатысатын адамдардың жалпы санынан 3,9 млн теңгеден астам жалақыны 0,1% төмен адам алды. 275 мың теңгеден астам жалақыны 28,4% адам алды», - деп жазады Ұлттық статистика бюросының мамандары.



Бұған дейін бюро қазақстандықтардың орташа жалақысы 312 мың теңгеден асқаны туралы мәлімет таратқан еді.


Сондай-ақ, жан басына шаққандағы орташа айлық табысы 50 мың теңгеге жетпейтін қазақстандықтардың үлесі 38,7% болып отыр.


Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда ең көп кездесетін айлық көлемін атады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жоғары жалақы #Қазақстан #Ұлттық статистика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мүгедектігі бар 90 мыңнан астам қазақстандық республикалық референдумда қолайлы жағдайда дауыс бере алады

Бүгін 19:31

Референдум-2026: зағип жандар дауыс беру учаскелерінде жаңа Конституцияның аудио нұсқасына қол жеткізе алады

Бүгін 19:30

Республикалық референдумға дайындық: мүгедектігі бар адамдар үшін учаскелердің қолжетімділігі қамтамасыз етіледі

Бүгін 19:29

Қазақстандағы референдумды 38 елден және 11 халықаралық ұйымнан келген 359 байқаушы байқайтын болад

Бүгін 19:28

 400-ге жуық адам Sirius Energy қаржы пирамидасының құрбаны болды

Бүгін 17:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика