AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде дипломның орнына сертификат қолдануға бол...

Елімізде дипломның орнына сертификат қолдануға болады

Әлеумет 14.12.2022, 11:01 1,080
Елімізде дипломның орнына сертификат қолдануға болады
Сурет: Bugin.kz

Парламент Мәжілісінің депутаттары «Кәсіби біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын және оған қатысты түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.


Заң жобасына сәйкес, Қазақстанда кәсіптер реттелетін және реттелмейтін болып екіге бөлінеді. Реттелетіндер жұмысшылардың міндетті аттестациясын талап етеді. Бұл санатқа негізінен дәрігерлер, өрт сөндірушілер немесе заңгерлерді қоса алғанда, азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты кәсіптер кіреді. Мемлекет реттемейтін кәсіптер үшін аттестация ерікті болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 



«Тәуелсіз аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдарының түлектерінде нақты мамандық бойынша кәсіптік оқуды аяқтағанын растайтын диплом және алған білімін практикада қолдану дағдыларын растайтын сертификат болады. Жұмыс берушілерге сертификаты бар түлектерді еңбек өтіліне талаптар қоймай-ақ жұмысқа қабылдауға мүмкіндік беріледі», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.



Министрдің айтуынша, ерікті негізде аттестаттауды түрлі үйірмелерде, тренингтерде немесе өз бетінше оқу нәтижесінде жұмысшы мамандықтарын игерген адамдар ала алады. Бұл жағдайда анықтама жұмысшы мамандықтары бойынша жұмысқа орналасу үшін негізгі құжат бола алады.


Сертификаттау ақылы негізде беріледі. Жұмыссыз азаматтардың қызметтеріне ақы төлеуді мемлекет дербестендірілген ваучерлер арқылы, жұмыс беруші өз қызметкерлерін аттестацияға жіберген кезде немесе азаматтардың өз еркімен біліктілігін бағалаудан өткен кезде төлейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#диплом #сертификат #Заң жобасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда британдық туристердің көлігі сорға батып қалды

Бүгін 15:26

Алматыда Senat Open-2026 шахмат турнирінің ширек финалы басталды

Бүгін 14:01

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);