Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде баспана жалдау нарығы толық реттелмеген –...

Елімізде баспана жалдау нарығы толық реттелмеген – министр

Әлеумет 26.09.2022, 13:39 1,099
Елімізде баспана жалдау нарығы толық реттелмеген – министр
Cурет: Ашық дереккөз

Осы бизнеспен айналысатын адамдардың мүдделері қорғалуы керек


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова баспананы жалға беру құнының қымбаттауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Жалпы, бізде баспана жалдау нарығы соңына дейін реттелмеген және оның басым бөлігі –көлеңкеде жатыр. Бұл мәселені қарау және өз ұсыныстарын енгізу үшін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне арнайы жеке тапсырма берілген. Жақында агенттік осы бағыт бойынша өз ұсыныстарын береді деп ойлаймын. Менің жеке пікірім – иә, бұл пәтер иелерінің де, жалға алушылардың да мүдделері қорғалатындай етіп реттелуі керек», - деді Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.



Министрдің айтуынша, бұл пәтерді кімге, қаншаға жалға беру керек дегенді білдірмейді, нарық ретінде реттеу қажет.



«Жалдау тізілімі құрылып, қанша пәтер жалға берілетіні, олардың қанша салық төлегені, мүдделерін қаншалықты қорғау қажет болатыны түсінікті болса деймін. Мысалы, пандемия кезінде бизнесі тоқтап қалғандықтан қанша адам мемлекеттен көмек алды. Осы тұрғыдан реттелуі қажет деп ойлаймын, мемлекеттің де, осы бизнеспен айналысатын адамдардың мүдделері қорғалуы керек», - деді Тамара Дүйсенова.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#пәтер #жалға беру #министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алмат Амангелді: «Қуыршақ театры – ең нәзік, ең тылсым өнердің бірі»

Бүгін 17:24

Алматы – жаһандық туризмнің орталығында: KITF 2026 көрмесі басталды

Бүгін 17:18

Тағы 16 тас жолда орташа жылдамдық үшін айыппұл енгізіледі

Бүгін 17:14

Алматыда сирек кездесетін патологиясы бар балаларға бірегей операциялар жасалды

Бүгін 16:48

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилимен кездесті

Бүгін 16:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика