Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғырту аясынд...

Елімізде әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғырту аясында қандай жұмыстар жүріп жатыр?

Әлеумет 18.02.2022, 05:46 1,612
Елімізде әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғырту аясында қандай  жұмыстар жүріп жатыр?
Сурет: Stan.kz

Еліміздің азаматтық авиациясын дамыту мәселесі қаралды


ИИДМ вице-министрі Берік Камалиевтің төрағалығымен азаматтық авиацияны дамыту мәселелері бойынша салалық кеңес өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Іс-шараға Азаматтық авиация комитетінің, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ, авиация кәсіпорындарының, «Атамекен» ҰКП, шағын авиация қауымдастығы өкілдері мен сала ардагерлері қатысты.


Өткен жылдың қорытындылары мен 2022 жылға арналған жоспарлар талқыланған кеңес барысында ИИДМ Азаматтық авиация комитеті ұшу қауіпсіздігі деңгейін, ішкі және халықаралық әуе қатынасын арттыру, әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғырту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. 


Комитет төрағасы Талғат Ластаев келтірген деректер бойынша, ИКАО-ның Үйлестірілген валидациялық миссиясы шеңберінде халықаралық аудиторлардың тәуелсіз тексеруі қорытындысында Қазақстан ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін 84%-ға дейін көтерді. Бұл - орташа әлемдік көрсеткіштен 15% жоғары.


Заңнамалық жұмыстар шеңберінде ұшқышсыз ұшатын аппараттарды пайдалануды реттеу нормасын, атап айтқанда, сертификаттау рәсімін енгізу, қашықтықтан сәйкестендіруге қойылатын талаптарды белгілеу және оларды пайдаланатын аймақтарды айқындау қарастырылуда. 


Сондай-ақ, әуе компанияларына ұшуға шектеу қойылатын адамдардың жеке тізімін жасауға мүмкіндік беретін норма енгізілмек. Оған ұшақта тәртіп бұзған және онысы заңмен дәлелденген адамдар ғана енуі тиіс.  


Елімізде әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғырту аясында қазір 6 нысанда жұмыстар жүріп жатыр. Олар - Шымкент әуежайының жаңа терминалының құрылысы, Орал әуежайының терминалын, Қостанай әуежайының аэровокзал кешенін, Өскемен әуежайының ұшу-қону жолағын, Үржар және Үшарал әуежайларын жаңғырту жобалары.


Кеңесте саланы әуе отынымен қамтамасыз ету, тарифтік саясат және мамандарға қатысты мәселелер талқыланды. Жыл сайын мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеу жұмыстарына байланысты авиаотын тапшылығы туындайды. Қазір жағдай біршама тұрақтанды, алайда мәселені жүйелі шешу үшін ҚР ИИДМ қысқа және ұзақ мерзімді перспективаға ұсыныстар дайындап, оларды ҚР Энергетика министрлігімен бірге пысықтауда.


Алдағы екі жылда ұшу қауіпсіздігі стандарттарына сәйкестік деңгейін 90%-дан асырып, ИКАО аудитінен сәтті өту негізгі міндет болып отыр. АҚШ-қа тікелей рейстер ашу шеңберінде Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен АҚШ-тың көлік қауіпсіздігі әкімшілігі арасындағы ынтымақтастық жалғасады.


Сондай-ақ, «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және инфрақұрылымдық объектілердің жаңғыртылуына қарай пандемияға дейінгі деңгейдегі халықаралық қатынасты қалпына келтіру жұмыстары жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Азаматтық авиация #Кеңес #әуе көлігі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика