Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде аңшы куәлігін қағаз түрінде беруді қалд...

Елімізде аңшы куәлігін қағаз түрінде беруді қалдыру мәселесі көтерілді

Әлеумет 14.09.2022, 10:41 1,563
Елімізде аңшы куәлігін  қағаз түрінде беруді  қалдыру мәселесі көтерілді
Сурет: Cntv.kz

Елімізде аңшы куәлігін жыл сайын тіркеу тәртібін белгілеу ұсынылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Бәрімізге белгілі, аңшылардың көпшілігі интернет желісі дамымаған ауылдық жерлерде тұратындықтан, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндіктері жоқ. Азаматтарға аңшы куәлігін беру кезінде туындайтын аталған қолайсыздықтар іс жүзінде мемлекеттік қызметтің негізіне қайшы келеді. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында электрондық нысанмен қатар қызмет алушының қалауы бойынша түптелген қатты қағаз түрінде құжат беруді көздеген. Яғни интернет болмаған жағдайды аңшы құжатты қағаз түрінде алуына болады», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әмірхан Рахымжанов Мәжілістің жалпы отырысында депутаттық сауал жасай отырып.



Оның айтуынша, аңшы куәлігін тек электронды түрде беру интернет жоқ далалық және таулы жерлердегі аң аулау процесін бақылауға кедергі келтіреді.



«Қазір аңшылық шаруашылығының бақылаушылары мен қорықшылары аңшы куәлігінің электрондық нысанының түпнұсқалығын тексеруге арналған арнайы құралдармен (планшеттер, сканерлер) қамтылмаған», - дейді ол.



Сондай-ақ, халық қалаулысы ауылдық елдімекендер толық интернетпен қамтылғанша аңшы куәлігін қағаз түрінде беруді қалдыру керектігін айтып отыр.



«Қолданыстағы нормалар мен жүйелер жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Осыған байланысты, берілген аңшы куәліктерін жыл сайын тіркеу тәртібін белгілеу қажет деп санаймыз. Бұл жалған және заңсыз пайдаланылатын аңшы куәліктерін анықтауға, бұл туралы құқық қорғау органдарын уақтылы хабардар етуге мүмкіндік береді. Анықталған мәліметтер құқық қорғау органдарының арнайы тексеруінің нысаны болуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл шара азаматтар иеленген және аң аулауда пайдаланылатын атыс қаруының санын бақылаудың маңызды элементтерінің бірі. Сонымен қоса республикада аң аулау мен жануарлар дүниесін орнықты пайдалануды реттеудің тиімді тетігі», - дейді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Аңшы #Куәлік #белгілеу #Тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

Бүгін 11:54

Түрксіб ауданында 6100 орындық төрт жаңа мектеп ашылады

Бүгін 11:36

Алматының Түрксіб ауданы ескі үйлерді біртіндеп жаңартып жатыр

Бүгін 11:34

Алматының Түрксіб ауданының 120 мың тұрғыны инженерлік желіге қол жеткізеді

Бүгін 11:30

Көлік жүргізушілеріне арналған міндетті жиынтыққа не кіреді?

Бүгін 11:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика