AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Елімізде алғаш рет роботтар фестивалі өтіп жатыр

Елімізде алғаш рет роботтар фестивалі өтіп жатыр

Білім және ғылым 10.01.2023, 11:32 1,612
Елімізде алғаш рет роботтар фестивалі өтіп жатыр
Сурет: Roboland.kz

Оған еліміздің әр өңіріндегі мамандандырылған мектептерден 159 оқушы қатысуда.


Фестиваль 10-11 қаңтарда Алматы облысы Қаскелең қаласындағы Сүлеймен Демирел атындағы университетте өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Фестиваль халықаралық FIRST ережелері бойынша екі бағытта өтеді. Бірінші бағыт – FIRST LEGO League Challenge, оған 10-16 жас аралығындағы оқушылар қатыса алады. Екінші бағыт – FIRST Tech Challenge. Онда 12-18 жас аралығындағы оқушылар бақ сынасады.



«Оқушыларымыздың арасында робототехника танымал болып келеді. Соңғы үш жылда 3 мыңнан аса робототехника кабинеті ашылды. Сондай-ақ қазақстандық оқушылар робототехникадан халықаралық жарыстарда үздік нәтиже көрсетіп келеді. Мысалы, қазан айында оқушыларымыз Женевада өткен робототехникадан FIRST GLOBAL CHALLENGE әлем жарысында жеңіске жетті. Кейін шымкенттік оқушылар Дортмунд қаласында өткен робототехникадан халықаралық олимпиадада алғаш рет екінші орынды иеленді. Бұл жеңістің барлығы – біздің дұрыс бағытта жұмыс істеп жатқанымыздың дәлелі. Робототехниканы дамыту және танымал ету үшін «USTEM Robotics» қоғамдық қорымен бірлесіп, мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушылары арасында алғаш рет республикалық роботтар фестивалін өткізіп отырмыз. Жарыс жеңімпаздары робототехникадан Қазақстан ұлттық құрамасы қатарына қосылып, алдағы уақытта «FIRST Kazakhstan 2023» республикалық финалына қатысуға мүмкіндік алады, – дейді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әнуар Унайбеков.



Соңғы екі жылда 2 мыңға жуық мұғалім робототехника курсынан өткен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#робот #Көрме #оқушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Грекия президентіне жеделхат жолдады

Бүгін 10:15

3 қаланың тұрғындарына ескерту жасалды

Бүгін 10:08

Алматыдағы Наурыз: мерекелік іс-шаралар төртінші күн қатарынан жалғасуда

Кеше 21:42

Наурыз мерекесі аясында Алматыда жас таланттар өнер көрсетті

Кеше 21:35

Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Кеше 16:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика