Биыл мұндай пойыздар тағы үш бағытта жүретін болады.
Қазақстанда тек қана әйелдер отыратын пойыздар саны көбейеді, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
"Жолаушылар тасымалы" АҚ мәліметінше, 2024 жылдың бірінші тоқсанында 70 мыңнан аса әйел "Әйелдер вагоны" қызметін қолданған. Бұл былтырмен салыстырғанда екі есе көп.
Әйелдер вагоны тағы үш бағытта пайда болады:
№ 354/353 Астана – Семей,
№ 24/23 Актобе – Алматы,
№ 25/26 Алматы – Шымкент.
Қазіргі уақытта 8 бағытта әйелдер вагоны бар:
№ 77/78 Алматы – Маңғыстау;
№ 351/352 Алматы – Өскемен;
№ 45/46 Павлодар – Түркістан;
№ 37/38 Маңғыстау – Семей;
№ 47/48 Атырау – Астана;
№ 33/34 Ақтөбе – Алматы-1;
№ 4/3 Астана – Алматы-2;
№ 71/72 Астана – Шымкент.