AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде АИ-95 жанармайының тапшылығы туындауы мүм...

Елімізде АИ-95 жанармайының тапшылығы туындауы мүмкін

Әлеумет 12.07.2023, 10:31 957
Елімізде АИ-95 жанармайының тапшылығы туындауы мүмкін
Сурет: Diapazon.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев кейбір жанармай құю бекеттерінде АИ-95 маркалы бензиннің жетіспей жатқаны туралы айтты.


Бұл Шымкент мұнай-химия зауытындағы жөндеу жұмыстарына байланысты болып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«АИ-95 маркалы бензиннің тапшылығы байқалды. Бұл Шымкент мұнай-химия зауытындағы жөндеу жұмыстарына, сондай-ақ Атырау зауытының апатты жағдайда тоқтап қалуына байланысты болып отыр. Қазір мұнай базалары мен зауыттарда қажетті көлем жиналды. Жанармайдың бұл түрі әкімдіктердің өтінішіне сәйкес жөнелтіліп жатыр. Тұтыну көлемі артқан аймақтарда аздап кешігулер болуы мүмкін. Жанармай тапшылығы ішкі жеткізілім есебінен жабылады», - деді министр тілшілер сауалына.



Ол жанармайдың бұл түріне қатысты баға өзгерісі болуы мүмкін екенін, дегенмен министрлік  бағаның күрт өсуіне жол бермеу үшін жұмыс істеп жатқанын еске салды.



«АИ 95 маркасы реттелмейтін жанармай түріне жататындықтан, автобекеттер бағаны көтеруге құқылы. Энергетика министрлігі ретінде біз баға көрсеткіші бойынша ұсыныстар жасай аламыз. Сондықтан жанармайдың бұл түрінің бағасы күрт қымбаттап кетпес үшін қазіргі кезде өнім иелерімен де, жанармай құю станциялары бар кәсіпорындармен де жұмыстар жүргізіп жатырмыз», - деді А. Сәтқалиев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жанармай #бензин #Марка
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);