ffin.kz

Елімізде 5 қыркүйектен бастап некені тіркеуге электронды төлқұжат жарамды болады

Елімізде 5 қыркүйектен бастап некені тіркеуге электронды төлқұжат жарамды болады Сурет: Еspanarusa.com

Неке туралы өзгерістер.


Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жою қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.


Құжат бойынша, енді азаматтық хал актілерін тіркеу қызметін алу үшін азаматтар жеке басын куәландыратын құжаттың электронды нұсқасын ұсына алады.


Дәлірек айтсақ, некені тіркеу, неке жасын төмендету, некені бұзу, 16 жасқа дейінгі балаларға туу туралы қайталама куәліктерді беру, тууды тіркеу, аты-жөнін өзгертуді тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру және жою, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктерді немесе анықтамаларды беру рәсімдері электронды жеке куәлік арқылы да іске асырылады.



«Некеге тұруға ниет білдірген адамдар неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеудің белгіленген күні жеке басты куәландыратын құжатпен немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатпен тіркеуші органға келуі қажет. Егер некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер дәлелді себептермен белгіленген күні тіркеуші органға келе алмаса, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу мерзімі олардың өтініші бойынша басқа уақытқа ауыстырылады. Белгіленген күні некеге (ерлі-зайыптылыққа) отыратын адамдар не олардың біреуі дәлелсіз себептермен келмеген және некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімін ұзарта отырып, өтініш туралы арыз болмаған жағдайда өтініш жойылуы тиіс», - делінген бұйрықта.



Некені бұзғысы келетін ерлі-зайыптылар тіркеуші органға жеке басын куәландыратын құжатпен немесе белгіленген күні цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатпен келуі керек.



«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзғысы келетін ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін белгіленген күні жеке басын куәландыратын құжатпен немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатпен тіркеуші органға келуі қажет. Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша лауазымды тұлға деректерді Азаматтық хал актлерін жазудың ақпараттық жүйесіне өтініш берілген күннен бастап 1 (бір) ай өткеннен кейін ерлі-зайыптылардың екеуінің қатысуымен енгізеді», - деп жазылған құжат мәтінінде.



Бұл бұйрық 2021 жылғы 5 қыркүйектен бастап күшіне енеді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04