ffin.kz

Елімізде 2 млрд ағаш отырғызылады

Елімізде 2 млрд ағаш отырғызылады Сурет: Supersadovnik.ru

Бұл шара Мемлекет басшысының бастамасы бойынша жүзеге асырылады. 


Қызыл кітапқа енген әрбір заңсыз кесілген ағаш үшін зиянды өтеу мөлшері 6 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Орман және табиғат қорғау мекемелерінің іс-қимылын үйлестіру жөніндегі штаб құрылды. Ағаш егу жұмыстары басталды. Қазірдің өзінде 26,1 мың га алаңда 80,5 млн.ағаш отырғызылды, көрсетілген шаралар елдің ормандылығын 2030 жылға қарай 5%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.



«Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызу жеке мәселе болып табылады. 1990-2021 жылдар аралығында 195 мың га жерге сексеуіл отырғызылды. Бірнеше апта бұрын арнайы экспедиция барған, тиісті зерттеу жүргізілді. Отырғызылған сексеуіл ауданы 337 мың га құрағаны анықталды. Қазір Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз Сексеуіл отырғызудың кешенді бағдарламасын әзірлеп жатырмыз. 2021-2030 жылдары 1,1 млн га жерге сексеуіл отырғызу жоспарланып отыр», - деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі.



Алматы қаласындағы Сулпак дүкенінің жанындағы 11 ағашты заңсыз кесу жағдайынан кейін ағаштарды заңсыз кесу, жою және бүлдіру жауапкершілігін арттыру мақсатында қолданыстағы заңнамаға айыппұлды ұлғайту және бұзушыларға санкцияларды қатаңдату бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.



«Осылайша, Қызыл кітапқа енген әрбір заңсыз кесілген ағаш үшін зиянды өтеу мөлшері 6 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Бұдан басқа, әкімшілік және Қылмыстық кодекстерге орман қорында және қалалар мен елді мекендер шегінде ағаштарды және бұталарды заңсыз кескені, жойғаны және зақымдағаны үшін құқық бұзушыларға айыппұлдарды ұлғайту және санкцияларды қатаңдату бөлігінде өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ өсімдіктер дүниесі ресурстарын қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі барлық мәселелерді заңнамалық реттеу мақсатында «Өсімдіктер әлемі туралы» Заң жобасы әзірленді. Ол Мәжілісте қаралады».



Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Министрлік экологиялық туризмді дамыту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған байланысты, жұртшылықтың пікірін ескере отырып, жоспарлар әзірленді. Ұлттық парктер жанынан қоғамдық кеңестер құрылды. Алматы облысының 4 ірі ұлттық паркі бойынша инвесторлар анықталды.



«Алматы өңірінің ұлттық парктері бойынша 11 заманауи визит-орталық, 5 эко-қонақ үй, 28 глэмпинг, 8 Кэмпинг, 4 этно-ауыл және т.б. мекемелер салу көзделіп отыр. Бұл жалпы алғанда 31,5 млрд. теңге жеке инвестицияларды тартады. Ұлттық парктердің рекреациялық жүктемесінің нормаларын ескере отырып, туристердің күтілетін ағыны 2 млн.адамды құрайды. Қазіргі уақытта 3 Ұлттық паркте қажетті инфрақұрылымның құрылысы басталды. «Іле-Алатау» ұлттық паркінде «Аюсай» визит-орталығы ашылды. Визит-орталықтың айналасында соқпақтар жайластырылды, туристерге ыңғайлы болу үшін өзен арқылы көпір салынды, волонтерлер эко-Мәдениет бойынша оқыту жүргізуде», - деді Мағзұм Мырзағалиев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37