AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Елімізде 16,2 млн тонна астық жиналды, қабылданған...

Елімізде 16,2 млн тонна астық жиналды, қабылданған жұмсақ бидайдың 74%-ы үшінші сыныпқа жатады

Экономика Бүгін 18:01 29
Елімізде 16,2 млн тонна астық жиналды, қабылданған жұмсақ бидайдың 74%-ы үшінші сыныпқа жатады
Сурет: primeminister.kz

Елімізде егін жинау науқаны жалғасуда. Бүгінде дәнді дақылдар алқабының 72,5%-ы жиналып, жалпы 16,2 млн тонна астық бастырылды. Астық қабылдау орындарына түскен жұмсақ бидайдың 74%-ы үшінші сыныпқа жатқызылды. Премьер-министрдің орынбасары

Серік Жұманғарин егін жинау науқанын өткізу мәселелері жөніндегі жедел штаб отырысын өткізді.

Жиында егін жинау жұмыстарының қарқыны, диқандарды ауыл шаруашылығы техникасымен, жанар-жағармаймен және тыңайтқыштармен қамтамасыз ету, астық қоймалары мен көлік инфрақұрылымының дайындығы, сондай-ақ 2027 жылғы егіс науқанына қажетті тұқым қорын қалыптастыру мәселелері қаралды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова егін жинау науқанының барысы туралы баяндады.

Биыл еліміздегі жалпы егіс алқабы 24,2 млн гектарды құрайды. Оның 15,6 млн гектарына дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егілген. Бүгінге дейін 11,3 млн гектар алқаптың өнімі жиналды. Орташа өнімділік гектарына 14,2 центнерді құрады. Сонымен қатар 1,5 млн гектар алқаптан майлы дақылдар жиналды. Орташа өнімділік гектарына 9,7 центнер болып, 1,4 млн тонна майлы дақыл тұқымы бастырылды. Биыл 2,7 млн тонна көкөніс, 1,9 млн тонна бақша дақылы және 1,9 млн тонна картоп жиналды. Жалпы, егін жинау қарқыны өткен жылмен бір деңгейде.

Көктемгі дала жұмыстарын және егін жинау науқанын жүргізу үшін шаруаларға қажетті қаржылай қолдау көрсетілді. Жеңілдетілген несие беру бағдарламасы аясында жалпы сомасы 664,4 млрд теңгеге 5,8 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қаржыландырылды.

Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жұмыстары да жалғасуда. Жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша жалпы құны 288,1 млрд теңге болатын 8,6 мыңға жуық техниканы жеткізуге 7,5 мыңнан астам келісімшарт жасалды.

Жыл басынан бері «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының барлық лизинг бағдарламалары бойынша жалпы 353,9 млрд теңгеге 10 774 техника бірлігін сатып алуға келісімшарттар жасалды. 2027 жылғы егіс науқанын алдын ала қаржыландыру тетігі де жалғасын табады. Өтінімдерді қабылдау 1 қазанда басталады.

2027 жылғы егіс науқанына қажетті тұқым қорын дайындауға да ерекше көңіл бөлінді. Әкімдіктердің мәліметінше, бүгінде 1,7 млн тонна тұқым дайындалған. Бұл қажетті көлемнің 77%-ына тең. Тыңайтқышпен қамтамасыз ету деңгейі қазір 87%-ды құрайды. Жоспарланған көлем аясында 2,1 млн тонна тыңайтқыш жеткізіліп, шаруаларға жөнелтілді.

Егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін өңірлерге 401 мың тонна дизель отыны бөлінді. Астық пен майлы дақылдарды кептіруге қосымша 41,3 мың тонна дизель отыны қарастырылды.

Егін жинау науқанына 130 мыңнан астам трактор, 29 мың астық жинайтын комбайн және өзге де ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылған.

Науқан басталғалы бері лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына 4,4 млн тонна астық жеткізілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе көп. Былтыр осы уақытта 3,1 млн тонна астық қабылданған еді.

Жедел штаб отырысында жаңа өнімді тасымалдау және өткізу мәселелері де қаралды.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының мәліметінше, қаңтар–тамыз айларында 9,3 млн тонна астық тасымалданған. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 13%-ға жоғары. Оның ішінде ел ішінде 2,1 млн тонна астық тасымалданып, өсім 8%-ды құрады.

Жаңа өнім жинау басталған тамыз айында астық тасымалдау көлемі рекордтық деңгейге жетіп, 1,157 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың тамыз айымен салыстырғанда 35%-ға жоғары.

Қаңтар–тамыз айларында 7,1 млн тонна астық экспортталды. Оның 4,8 млн тоннасы Орталық Азия елдеріне жөнелтілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37%-ға көп. Оның ішінде Өзбекстанға – 3,6 млн тонна (+50%), Тәжікстанға – 998 мың тонна (+17%) астық жөнелтілді. Қытайға 562 мың тонна астық тасымалданып, өсім 34%-ды құрады.

Отырыс соңында Серік Жұманғарин әкімдіктерге жаңа өнімді уақтылы қабылдауды тапсырды. Қажет болған жағдайда астық қоймаларының тәулік бойы жұмыс істеуі ұйымдастырылады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ға жаңа өнімді тасымалдауға қажетті вагон санын қамтамасыз етіп, астықты үздіксіз тасымалдауды тиянақты ұйымдастыру тапсырылды. 

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астық #экономика #Ауыл шаруашылығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда LRT желісінің рельстерін төсеу басталды

Бүгін 18:38

Қала күні қарсаңында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды кезекте тұрған азаматтарға жаңа пәтерлердің кілтін табыстады

Бүгін 18:15

Алматыда Қала күні алғашқы гастрономиялық көше ашылады

Бүгін 18:15

Алматыда Қала күніне орай бірегей мультимедиялық 3D MAPPING SHOW ұсынылады

Бүгін 18:01

Пластикті кәдеге жарату: Қала күнінде экоаймақ қонақтарын не күтеді

Бүгін 17:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);