AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміз ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетіне мүш...

Еліміз ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетіне мүше болды

Әлеумет 31.12.2023, 04:36 1,155 Ерлан Қарин
Еліміз ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетіне мүше болды
Almaty-akshamy.kz

Бұл – өтіп бара жатқан жылдағы маңызды жетістіктің бірі


2023 жылы Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының жұмысы жандана түсті.


Атап айтқанда, ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Кластерлік кеңсесі Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ауғанстан, Пәкістан және Иран мемлекеттерін қамтитын Көпсалалы аймақтық кеңсе (Бюро) ретінде қайта құрылды. Париж қаласында еліміздің ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігі ашылды. Осы беделді ұйымның клуб қозғалысы аясында Қазақстан алғаш рет ЮНЕСКО-ның клубтары мен қауымдастықтарының президенті болып сайланды.


Еліміз ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетіне мүше болды. Бұл – өтіп бара жатқан жылдағы маңызды жетістіктің бірі. Онда Қазақстан өтініштерді ЮНЕСКО-ның тізіміне қосу туралы шешім қабылдауға атсалысады. Сондай-ақ «Тұранның қысқы суық шөлдері» трансұлттық нысанының құрамдас бөлігі ретінде «Алтын Емел» ұлттық паркі мен Барсакелмес қорығы аумақтары Дүниежүзілік мұра тізіміне қосылды. 2024-2025 жылдарға арналған ЮНЕСКО-ның атаулы күндері тізбесіне жазушы Б.Соқпақбаевтың және композитор, күйші Н.Тілендиевтің 100 жылдығын енгізу туралы ұсыныс қолдау тапты. «Диуани лұғат ат-түрк» атты түркі тілдерінің тұңғыш энциклопедиялық сөздігінің 950 жылдығын атап өту туралы бірлескен ұсыныс та қабылданды. Қазақстанның бастамасымен 20 мамырды Дүниежүзілік метрология күні деп белгілеу туралы қарар мақұлданды.


Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2023 жылы ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азуле елімізге ресми сапармен келді. Осы сапар аясында Одрэ Азуле Астанадан бөлек, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арнайы барып, Қазақстанда тарихи-мәдени мұраларды сақтап қалу үшін атқарылып жатқан іс-шаралар барысымен танысты.


2024 жылы Ұлттық комиссия білім, ғылым, мәдениет, ақпарат, және коммуникация салалары сияқты ЮНЕСКО мандатының барлық бағыттары бойынша мәдени мұраларымызды қорғау жұмысын жалғастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #ЮНЕСКО #қарин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);