AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Елена Рыбакинаның Аустралия ашық чемпионаты финалы...

Елена Рыбакинаның Аустралия ашық чемпионаты финалындағы қарсыласы анықталды

Спорт 26.01.2023, 14:30 1,332 Almaty-akshamy
Елена Рыбакинаның Аустралия ашық чемпионаты финалындағы қарсыласы анықталды
Сурет: Ашық дереккөз

Финалдық бәсеке сенбі, 28 қаңтар, күні өтеді


Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Аустралия ашық чемпионаты финалындағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Екінші жартылай финалда әлемнің 5-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко дүниежүзілік рейтингіде 45-орында тұрған поляк қызы Магда Линетті 7:6 (7:1), 6:2 есебімен тізе бүктірді.


Бір жарым сағаттан астам уақытқа созылған матчта А. Соболенко 6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыласы 1 эйс, 1 брейкпен шектелді.


Осылайша, беларусь теннисшісі өзінің спорттық жолында алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шықты.


Осыған дейін Е. Рыбакина мен А. Соболенко төрт рет кездескен, есеп – 3:1, беларусь спортшысының пайдасында. Бірақ, барлық кездесу де тартысты өтіп, үш сетпен аяқталған.


Финалдық бәсеке сенбі, 28 қаңтар күні өтеді.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Аустралия ашық чемпионатының финалына алғаш рет шыққанын жазған болатынбыз.


Сондай-ақ, финалға шыққан Елена Рыбакина 1 млн астам доллар табыс тапты.


Елена Рыбакина алғаш рет әлемдік рейтингте үздік ондыққа енеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#теннис #Рыбакина #Финал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

9 мамырға байланысты ХҚКО жұмыс кестесі өзгереді

Бүгін 14:47

Құрылтай сайлауына қанша шығын кетеді?

Бүгін 14:31

Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау жалғасып жатыр

Бүгін 14:10

Сапа мен қауіпсіздік: Алматыда білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Бүгін 12:41

Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);