Елена Рыбакина Ролан Гаррос жарысын жеңіспен бастады

Елена Рыбакина Ролан Гаррос жарысын жеңіспен бастады Сурет: Ашық дереккөз

Елена 9 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жіберген жоқ


Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 146-орында тұрған чехиялық 16 жасар Бренда Фрухвиртовамен кездесті.


Бірінші партияда есеп 3:3 болған мезетте чехиялық спортшы брейкпен алға шыққанымен, Елена көпке ұзатпады. Содан кейін тағы бір брейкпен сетті тәмамдады – 6:4.


Бренда Фрухвиртова екінші партияда да брейк жасағанымен Е.Рыбакина таразы басын қайта теңестіріп, өз геймін де алды – 3:2. Ақыры матчты кезекті брейкпен түйіндеді – 6:2


Бір сағат 17 минутқа созылған бәсеке барысында Елена 9 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жіберген жоқ. Қарсыласы 2 брейкпен (7 брейк-пойнт) шектелді.


Елена Рыбакина екінші айналымда Чехияның тағы бір жас жұлдызы, әлемнің 50-ракеткасы, 18 жастағы Линда Носковамен шеберлік байқасады.


Ол рейтингте 68-сатыдағы черногориялық Данка Ковиничті жолдан тайдырды. Линда бірінші партияда 6:3 есебімен басым түсті.


Екінші сетте есеп 2:1 болғанда, қарсыласы жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмады.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз. Ал Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінде жеңіліп қалды.


Сондай-ақ Ролан Гарростың алғашқы айналымында жеңіске жеткен Юлия Путинцевадан сұхбат алған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12

10:40

10:00

00:14

23:33

23:15

19:28

18:05

17:32

16:55

16:23

15:48

15:14

14:47