AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Елена Рыбакина Рим мастерс турнирінің үшінші айнал...

Елена Рыбакина Рим мастерс турнирінің үшінші айналымына өтті

Спорт 13.05.2023, 06:09 2,170 Аlmaty-akshamy.kz
Елена Рыбакина Рим мастерс турнирінің үшінші айналымына өтті
сурет: sport-express.ru

Қазақстандық теннисші әлемнің 65-ракеткасы, италиялық Ясмин Паолинимен кездесті.


Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Жарысты екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші әлемнің 65-ракеткасы, италиялық Ясмин Паолинимен кездесті.


Бірінші партияда Е.Рыбакина тай-брейкте басым түсті - 7:6 (7:4).


Екінші сет жеңілірек болды - 6:1.


Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта Е.Рыбакина 6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қарсыласы 3 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.


Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 57-ракеткасы, ресейлік Анна Калинскаямен таласады. Ол әлемнің 26-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенсті жолдан тайдырды - 6:4, 4:6, 6:3.


А.Калинскаямен қазақстандық спортшы өзара үш рет ойнап, соның екеуінде ресейлік жеңіске жетті. Биыл Майами мастерс жарысында Елена 7:5, 4:6, 6:3 есебімен жеңген еді. Алайда Мадридте дәл осындай додада ұтылып қалды - 5:7, 6:4, 2:6.


Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Анна Данилина мажарстандық Тимея Бабошпен бірге Рим турнирін жеңіспен бастады. Олар алғашқы айналымда америкалық Эмма Мухаммад - мексикалық Джулиана Олмосты ұтты - 4:6, 6:3, 10:6. Енді олар ширек финалға шығу үшін Беларусь өкілі Виктория Азаренко - бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен шеберлік байқасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Елена Рыбакина #теннис
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Кеше 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Кеше 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Кеше 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Кеше 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Кеше 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);