AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Электрондық еңбек биржасы арқылы қандай қызметтер...

Электрондық еңбек биржасы арқылы қандай қызметтер алуға болады?

Әлеумет 09.06.2022, 10:03 1,777
Электрондық еңбек биржасы арқылы қандай қызметтер алуға болады?
Сурет: Inform.kz

2022 жылдың басынан бастап Электрондық еңбек биржасы арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін ұсыну жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде жұмыс іздеп жүрген 157,8 мың адам тіркелді, оның ішінде 141,5 мың адам жұмыссыз мәртебесін алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл ретте жұмыс іздеп жүрген адамдар мен ресми жұмыссыздардың ішінен тұрақты және уақытша жұмыс орындарына ЭЕБ арқылы 39,7 мың адам жұмысқа орналастырылды. Ал 23,8 мың жұмыссыз азаматқа ЭЕБ арқылы жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындалды.


Осылайша, цифрлық жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасқандардың үлесі жұмыс іздеп жүрген адамдар ретінде тіркелген іздеушілердің және ЭЕБ-дағы жұмыссыздардың жалпы санының 25%-ын құрады.


Қазір ЭЕБ-мен барлық халықты жұмыспен қамту орталықтары интеграцияланған, соның арқасында көрсетілетін цифрлық мемлекеттік қызметтер бүкіл Қазақстан бойынша қолжетімді. Жұмыспен қамту қызметтері үшін өтініштердің кемінде 50% - ы онлайн режимге өтеді.


Естеріңізге сала кетейік, ЭЕБ арқылы мемлекеттік қызметтің төрт түрін алуға болады:


– жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу;


– жұмыссыздарды тіркеу;


– жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге өтінім беру;


– мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына (әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары) жолдама алу.


2021 жылы жұмыс іздеп жүрген 149,1 мың адам онлайн-форматта тіркелген немесе бұл жалпы тіркелгендер санының 34%-ы, ал оның ішінде азаматтардың 60%-ы жұмысқа онлайн орналастырылды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Электрондық еңбек биржасы #Жұмыссыздар #тіркеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Бүгін 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Бүгін 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Бүгін 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);