Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Электрон емес, қағаз күнделік неге маңызды? Маман...

Электрон емес, қағаз күнделік неге маңызды? Маман түсіндірді

Білім және ғылым 03.09.2025, 14:22 573
Электрон емес, қағаз күнделік неге маңызды? Маман түсіндірді
azh.kz

Балалар клиникалық психологы Айнұр Алдашева электрон күнделікке қарағанда балалар үшін дәстүрлі қағаз күнделік әлдеқайда пайдалы екенін айтып, Оқу-ағарту министрлігіне үндеу жасады, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Оның пікірінше, қағаз күнделік баланың уақытты дұрыс түсінуіне, жоспарлау дағдыларын қалыптастыруға және оқу мотивациясын күшейтуге көмектеседі. 

Маманның айтуынша, 6-7 жастағы балалардың миының маңдай бөлігі белсенді дами бастайды. Ал осы дамуды қолдайтын тиімді құралдың бірі - қағаз күнделік.

"Күнделік балаға уақытты түсіну үшін керек. Қазіргі балалардың көбі мезгілдерді, ай аттарын, аптадағы күндерді білмейді. Жаттату қиын. Жаттап алса да уақытты сезбейді. Ал енді ауқымды тақырып. Күнделікті күнде қолданған бала қазір қыркүйек екенін, аптаның қай күні екенін, қай күні не болатынын біліп жүреді. Қайта-қайта көріп, ашып жүрген соң визуально есте сақтайды", - дейді психолог.

Күнделік - визуал күнтізбе

Балалардың 90 пайызы ақпаратты көзбен қабылдайды. Сабақ кестесінің, тапсырмалардың көз алдында болуы балаға жоспар құруды үйретеді.

"Бала жоспарлап үйренеді. Мысалы, бүгін дүйсенбі. Бейсенбіге жаттау бергенін көрді. Ертең 1 шумағын жаттаймын, сосын 1 шумақ. Бейсенбіге дейін күшімді, уақытымды ұтымды пайдаланамын деп жоспарлауды үйренеді", - деп түсіндірді Алдашева.

Электрон күнделік баланың дербестігін тежейді

Психологтың айтуынша, бастауыш сынып оқушылары электрон күнделікті өздері ашпайды, оны көбіне ата-анасы бақылайды. Нәтижесінде балада өз бетімен тапсырма орындау дағдысы қалыптаспайды.

"6-7 жасар бала электрон күнделікті өз бетінше ашпайды. Оны анасы қарайды. Анасы қарамаса, айтпаса, сабақ та орындалмайды. Орындауға балада қалауы да болмайды. Сосын баланың орнына мамасы сабақ оқып, сабақ кестесін салып отырады. Ал балада өз бетінше тапсырма орындау қабілеті нөл болады. Күнделікке баға қойылу керек. Бала сабақта бағасын бірден алу керек. Кешке, ертең деген, электрон күнделікті көре салу деген жарамайды. Себебі баланың санасында себеп-салдарлық байланыс жоқ", - дейді маман.

Мотивация мен дербестік дамытады

Айнұр Алдашева қағаз күнделіктің баланың шапшаңдығын, өзіне қызмет ету дағдыларын, өз бетімен әрекет етуін қалыптастыратынын атап өтті.

"Бала күнделікпен тезірек дамиды. Шапшаңдық, өз-өзіне қызмет көрсетуі, өзі үшін әрекет етуі, өз бетінше тапсырма орындауы қалыптасады", - деді психолог.

Маманның айтуынша, мектептерде бастауыш пен орта буын оқушыларына қағаз күнделік қолданысын қайта енгізу - балалардың оқу мотивациясын арттырып, өз бетінше даму дағдыларын нығайтады.

"Нақтырақ баладағы ұзақ мерзімді дұрыс мотивацияны оятады. Мен 2 "бес" алдым, енді 3 "бес" аламын деп үйге келгендегі сезім естеріңізде ма? Дұрыс мотивация солай қалыптасады. Бастауыш пен орта буын оқушыларында күнделік болуы керек. Әсіресе, зейін тапшылығы бар балаларда күнделік міндетті түрде болуы керек", - деп қорытындылады маман. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #Күнделік #бала #психолог
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Кеше 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Кеше 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Кеше 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Кеше 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Кеше 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика