AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Электромобиль иелері тұрақта ақы төлемейтін болады

Электромобиль иелері тұрақта ақы төлемейтін болады

Әлеумет 22.05.2024, 14:13 1,943 Bakyt
Электромобиль иелері тұрақта ақы төлемейтін болады
almaty-akshamy.kz

Қазақстанда экологиялық таза көліктерге жаңа заң қабылданды

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қаралып, ресми түрде қабылданды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Бұл заң жобасын Парламент Мәжілісінің депутаттары бастамашы болып, 2024 жылғы 17 қаңтарда бірінші оқылымда мақұлдады. Заңның негізгі мақсаты – елімізде электрмобильдер инфрақұрылымын дамыту және экологиялық таза көліктерді танымал ету болып табылады.

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мәліметінше, құжат аясында бірнеше заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Олардың ішінде ҚР Жер кодексі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Автомобиль жолдары туралы», «Автомобиль көлігі туралы», «Электр энергетикасы туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» және «Жол жүрісі туралы» заңдары бар.

  • «Электромобиль» және «электрқуаттау станциясы» деген жаңа ұғымдар енгізіледі.
  • Жолдарды жобалаған кезде электрқуаттау станцияларын орналастыру үшін бөлек орындар бөлінеді.
  • Электрқуаттау станциялары жол бойындағы сервис объектілеріне жатқызылады және олар үшін жекелеген орындар белгіленеді.
  • Аумақты егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында электрқуаттау станцияларын орналастыру үшін резервке орындар қойылады, тұрғын және қоғамдық аймақтарды қоса алғанда.
  • Әуежайларда, вокзалдарда, сауда объектілерінде, театрларда, кинотеатрларда және басқа да орындарда электрқуаттау станциялары бар таксилердің тұрағын ұйымдастыру және жабдықтау жөніндегі функциялар белгіленеді.
  • Ерекше қорғалатын аумақтарды жоспарлау жобасында электрқуаттау станциялары бар тұрақтар үшін орындарды орналастыру.
  • Электромобильдердің тұрағы үшін арнайы бөлінген орындарды бөлу.
  • Электромобильдердің иелерін тұрақта ақы төлеуден босату.

Заңды екінші оқылымда талқылау кезінде депутаттар қосымша түзетулер енгізді. Бұл электрқуаттау станцияларын орналастыру үшін ортақ пайдаланудағы жерлерден уақытша жер пайдалануға жер учаскелерін беру және әкімдіктерге электрқуаттау станцияларын орналастыру шешімдерін қабылдау құзыретін беру мәселелерін қамтиды. Сонымен қатар, электр энергиясын қосу, пайдалану және тұтыну кезінде электрқуаттау станцияларының қауіпсіз жұмыс істеуі бойынша талаптар белгіленді.

Депутаттар «Автомобиль көлігі туралы» және «Жол жүрісі туралы» заңдарына да тиісті түзетулер енгізді. Олардың ішінде автобустар мен троллейбустар жүргізушілерінің жасын жиырма үш жасқа дейін төмендету және кемінде үш жыл жұмыс өтілін белгілеу ұсынылды. «D1» кіші санатындағы жүргізушілер үшін жұмыс өтілі кемінде бір жыл болуы тиіс.

Бұл заңның қабылдануы Қазақстандағы экологиялық таза көліктердің дамуына үлкен серпін береді және елдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Естеріңізге сала кетсек бұған дейін "Көлік министрлігі мен Car Park Transformer Limited ынтымақтастық туралы келісімге қол қойғаны туралы" жазған болатынбыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Электромобиль #заңжобасы #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);