Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Электр көліктерді паркингтерде қуаттандыруға бола...

Электр көліктерді паркингтерде қуаттандыруға бола ма?

Әлеумет 24.04.2024, 13:41 1,255
Электр көліктерді паркингтерде қуаттандыруға бола ма?
Сурет: интернеттен
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі электр көліктерді қуаттандыруға арналған стансаларды жабық паркингтерге орналастыруды қарастыратын нормативтерді бекітті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz


Электр көліктерін қуаттандыруға арналған стансалардың орналасуына қатысты түзетулер мен өзгерістер сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтеріне енгізілді:




Автомобиль тұрақтарын жобалау жөніндегі мемлекеттік нормативтерге сәйкес автотұрақтардағы орындарды белгілеу кезінде қуаттандыру құрылғыларымен жабдықталған электр көліктерге де орындар қарастырылуы тиіс.


Электр көліктердің қуаттандыру құрылғыларын тек зауытта өндірілген, электр желісінің қорғаныс дәрежесі IP 54-тен кем емес, автоматты ажырату құрылғысы бар (оның ішінде өртке қарсы қорғау жүйелерінің іске қосылуы туралы дабыл белгісін алған кезде) болса, пайдалануға рұқсат етіледі.




Бұдан басқа, жаңа нормаларда елдімекендердің аумағында электр көлігінің зарядтау сервистік инфрақұрылымын орнату көзделуі тиіс.


Зарядтау станциялары газ және газ құю станцияларында (АЖС мен АГЖС), техникалық қызмет көрсету станцияларында, автотұрақтарда, жол бойындағы қызмет көрсету объектілерінде, тұрғын-үй, қоғамдық, кәсіпкерлік және өндірістік аумақтарда орналасуы мүмкін.


Сондай-ақ автотұрақтарда зарядтағыштармен жабдықталған электр көліктері үшін бос орындар болуы міндетті. Бұл ретте тек зауыттан шыққан қуаттандырғыш құрылғыларды орналастыруға рұқсат етіледі.


Жанармай құю бекеттерінде жылдам және өте жылдам зарядтау стансаларын орнату ұсынылады. Сонымен қатар жанармай құю бекеттерінде және мүгедектер арбасындағы мүгедектерге арналған жанармай құю станцияларында электр көліктерін зарядтауға арналған кем дегенде бір орын болуы міндетті.


Бұйрық 2024 жылдың 19 сәуірінен бастап қолданысқа енгізілді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #электромобил #қуаттау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика