AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Елдің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады

Елдің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады

Өмір-өзен 24.01.2026, 08:40 434 dulatbekova
Елдің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады
Сурет: istockphoto.com

24 қаңтар күні түнде Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында қар жауады, ал күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және таулы өңірлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Түнде облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарында, күндіз батысында, оңтүстігінде және таулы өңірлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде және таулы өңірлерінде екпіні 15–20 м/с.

Қарағанды облысының батысы мен шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын болады.

Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде түнде, ал күндіз батысында, солтүстігінде және орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде түнде және таңертең көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі мен орталығында тұман болады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман болады. Облыстың солтүстігі мен орталығында көктайғақ болады.

Атырау облысының шығысында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында және орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Жел шығыс және солтүстік-шығыстан соғады, облыс орталығында екпіні 15–18 м/с.

Жамбыл облысында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың таулы аймақтарында екпіні 15–20 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады.

Абай облысында түнде қар, боран болады, ал күндіз облыстың солтүстігінде және орталығында қар, боран болады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде және орталығында екпіні 15–20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, боран соғады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде екпіні 15–20 м/с.

Қостанай облысының оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында және оңтүстігінде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады. Жел шығыс және солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында және оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Жетісу облысының шығысында және таулы аймақтарында кей уақыттарда тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қар #Боран #ауа райы #болжам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҰБТ-мен қатар баламалы тест енгізіледі

Бүгін 09:30

Тоқаев бірқатар заңға қол қойды

Бүгін 09:11

28 сәуірде ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:42

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Кеше 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Кеше 18:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика