Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елдегі банк қосымшаларының бірі арқылы тұрғылықты...

Елдегі банк қосымшаларының бірі арқылы тұрғылықты жері бойынша тіркелуге болады

Әлеумет 06.06.2023, 04:47 885
Елдегі банк қосымшаларының бірі арқылы тұрғылықты жері бойынша тіркелуге болады
Сурет: 365info.kz

Kaspi.kz ІІМ көші-қон қызметі комитетімен, Әділет министрлігімен және ЦДИАӨМ-мен бірлесіп, жаңа қызметті іске қосты.


Енді мобильді қосымшада тұрғылықты жері бойынша уақытша немесе тұрақты тіркеуді рәсімдеуге болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Polisia.kz ақпараты бойынша, бұл қызмет арқылы үй иесі өзін және отбасы мүшелерін (14 жастан асқан балалар), сондай-ақ бірге тұратын басқа да адамдарды өз пәтерінде тіркей алады. Сонымен қатар меншік иесі өз үйінен бірге тұрмайтын адамдарды өз бетінше тіркеуден шығара алады. Егер сіз үйдің иесі болмасаңыз және біреуге тіркелгіңіз келсе, онда сервистің өзі үй иесінің келісімін сұрайды.



«Біз Kaspi.kz-те жаңа қызметтерді іске қосуды жалғастырып жатырмыз. Сіз мемлекеттік мекемелерден анықтама ала аласыз, балаларға арналған жәрдемақыларды рәсімдей аласыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркеле аласыз және басқа да көптеген мәселелерді тез шеше аласыз. Біз ІІМ, Әділет және Цифрландыру министрліктеріне, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметтерді қазақстандықтар үшін одан да ыңғайлы және қолжетімді ету мүмкіндігіне алғыс айтамыз», – деді Kaspi.kz басшысы және құрылтайшысы Михаил Ломтадзе.



ІІМ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша полиция қызметін цифрландыру жұмысын жалғастыруда.



«Мобильді қосымшалар қарапайым және түсінікті, ал оларды пайдалану көрсетілетін қызметті алушы мен қызметкердің тікелей байланысын болдырмайды. Сондықтан ІІМ халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді смартфондарға шығаруға ерекше назар аударады. Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер онлайн режимде қолжетімді. Енді азаматтар ХҚКО мен полицияға барып, кезекте тұрып, уақыт жоғалтпайды», – деп атап өтті ҚР ІІМ көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов.  


«Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында қызметтердің танымалдығы жыл сайын артып келеді. Мысалы, өткен жылы сыртқы платформалар арқылы миллионнан астам қызмет көрсетілді», – деп хабарлады ЦДИАӨМ.



Тіркеу кезінде ЖСН енгізу жеткілікті, ал аты-жөні мен мекенжайы автоматты түрде пайда болады. Қызметті пайдалану қауіпсіз. Тіркелу кезінде фото сәйкестендіруден өту керек. Бұл сізден басқа ешкім сіздің атыңыздан аталмыш қызметті пайдалана алмайтындығына кепілдік береді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#тұрғылықты жер #тіркеу #жаңа қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығымен айналысқан топ ұсталды

Бүгін 16:24

Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 10 мыңнан астам жолаушы жеткізілді

Бүгін 16:10

Алматыда полиция 7 мыңнан астам қару иесін тексерді

Бүгін 15:55

Тоқаев: «Әскери қақтығыстар мен сауда соғысы жылдан жылға ушығып барады»

Бүгін 15:37

Алматыда колледж студенттері арасында «XXI бухгалтер: Мамандығым – мақтанышым» қалалық байқауы өтеді

Бүгін 15:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика