AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Елдегі ата-аналардың 89%-ы «Адал азамат»-тың балал...

Елдегі ата-аналардың 89%-ы «Адал азамат»-тың балалардың мінез-құлқына оң әсер еткенін айтуда

Білім және ғылым 19.03.2025, 16:16 738 dulatbekova
Елдегі ата-аналардың 89%-ы «Адал азамат»-тың балалардың мінез-құлқына оң әсер еткенін айтуда
Сурет: Gov.kz

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2023 жылдан бастап барлық мемлекеттік білім беру ұйымдарында ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары жұмыс істей бастады және ол отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту, сондай-ақ позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыру алаңына айналды.

Бұл орталықтардың негізгі мақсаты ата-аналарды балаларды тәрбиелеу мен оқыту үдерісіне тарту ғана емес, оларға қажетті педагогикалық және психологиялық қолдау көрсету болып табылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Жыл басынан бері бұл орталықтарға 1,4 миллионнан астам ата-ана тіркеліп, олар 108 мыңнан астам дәріске белсене қатысқан. Дәріс тақырыптары мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуден бастап жасөспірімдер арасындағы дау-жанжалдарды шешуге дейінгі көптеген өзекті мәселелерді қамтыды.

PIRLS және TIMSS сияқты халықаралық зерттеулерінен-ақ ата-аналардың білім беру үдерісіне қатысуының маңыздылығын нақты көруге болады. Мысалы, ата-аналары балаларымен жүйелі түрде айналысатын оқушылардың баллы ата-аналары балаға сирек көңіл бөлетін оқушыларға қарағанда 16-37 баллға, оның оқуына қатыспағандарға қарағанда 110 баллға жоғары болды

«Біртұтас білім беру бағдарламасын енгізу ата-аналардың қатысымын 42%-дан 82%-ға дейін айтарлықтай арттырды. Педагогтер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесіне сүйенсек, олардың 82 пайызы бағдарламаның сынып жетекшілерінің кәсіби дамуына оң әсерін, 84 пайызы оқушы белсенділігінің артқанын, 71 пайызы мектеп пен отбасының өзара әрекеттесуінің жақсарғанын атап көрсеткен. Бұл ретте ата-аналардың 89 пайызы бағдарламаның балалардың мінез-құлқына оң әсер еткенін растады», – дейді Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА вице-президенті Анар Тәңірбергенова.

Бүгінде оқу-ағарту министрлігі бағдарламаны жетілдіруде. Осы мақсатта ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары жұмысының сапасын арттыруға бағытталған әдістемелік ұсыныстар әзірленіп жатыр. Бұл ұсыныстар мұғалімдерге, ата-аналарға және оқушыларға оқу-тәрбие процесінің мақсаттары туралы ортақ түсінік қалыптастыруға, тәжірибе алмасуға және балалардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Адал азамат #біртұтас тәрбие #бағдарлама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);