Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Коронавирус / Елде вакциналауға жататын контингент 9,9 млн-нан...

Елде вакциналауға жататын контингент 9,9 млн-нан 11,4 млн адамға дейін ұлғайтылды

Коронавирус 13.10.2021, 15:05 1,097
Елде  вакциналауға жататын контингент 9,9 млн-нан 11,4 млн адамға дейін ұлғайтылды
Сурет: Inform.kz

Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру сұрақтары ВАК отырысында қаралды


ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндама жасады.


Соңғы екі аптада COVID-19-бен ауыру деңгейі 30%-ға, өлім-жітім 40%-ға төмендеді.


ВАК отырысында бірқатар маңызды шешім қабылданды: COVID-19-ға қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында вакциналауға жататын контингент 9,9 млн-нан 11,4 млн адамға дейін ұлғайтылды, бұл ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес ұжымдық иммунитетке 60% деңгейінде қол жеткізуге мүмкіндік береді;


халықты қайта вакциналауды ағымдағы жылы қарашаның үшінші онкүндігінен келесі санаттағы адамдар үшін бастау жоспарланып отыр: тәуекел топтары (медицина қызметкерлері, педагогтер, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен жабық мекемелердің персоналы мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері); 60 жастан асқан адамдар;


өздігінен зерттеулерден өткен және КВИ-ға қарсы антиденелерге теріс тест нәтижесі бар адамдар;


«ASHYQ» жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарының жұмыс уақыты ұлғайды, «жасыл аймақта» – сағат 03:00-ге дейін, «ASHYQ» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 05:00-ге дейін;


«сары аймақта» – сағат 01:00-ге дейін, «ASHYQ» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 03:00-ге дейін;


Үндістан және Филиппинмен өзара вакциналау төлқұжатын тану іске асырылды, нәтижесінде Қазақстан Республикасы 15 елмен вакциналау паспортын тану туралы келісімге қол жеткізді (Түркия, Венгрия, Грузия, Қырғызстан, Молдова Республикасы, Моңғолия, Таиланд, Беларусь Республикасы, Армения, Иран, Сан-Марино, Аргентина, Эстония, Үндістан мен Филиппин); карантиндік шектеулер кезеңінде ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне ҚР аумағына еркін кіру (ВАК шешімінсіз) бөлігінде өзгерістер енгізілді: туыстық фактісін растай отырып, ҚР азаматтарының туыстары болып табылатын шетелдіктерге; ҚР азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктерге ауыр науқастанғандарға күтім жасау үшін, олардың ілесіп жүретін жұбайлары мен кәмелетке толмаған балаларына, сондай-ақ жерлеу рәсіміне келгендерге.


Ведомствоаралық комиссияның отырысын қорытындылай келе, Ералы Тоғжанов бірқатар нақты тапсырма беріп, ВАК қатысушыларының алдында таяу уақыттағы басым міндеттерді белгіледі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қайта вакциналау #эпиджағдай #вак
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қызылшамен ауырғандардың саны артты

Бүгін 12:30

Былтырмен салыстырғанда 10% төмен: Алматыда ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Бүгін 12:17

Оқушыларға вейп сатқан топ құрықталды

Бүгін 12:01

Бұл "қарапайым инфекция" емес. Әлназарова ата-аналарға үндеу жасады

Бүгін 11:46

Алматы құрамасы еркін күрестен жастар арасындағы ел чемпионатында топ жарды

Бүгін 11:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі