AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Елде үшінші апта азық-түлік өнімдері қымбаттамады

Елде үшінші апта азық-түлік өнімдері қымбаттамады

Экономика 20.11.2021, 11:01 1,670
Елде үшінші апта азық-түлік өнімдері қымбаттамады
Cурет: Ura.news

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы басты назарда


Премьер-министр Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) және жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) бағаларын реттеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Қазіргі жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов және т. б. баяндады.


Өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жалпы өсу индексі 0,0%-ды құрады. Қабылданған шаралар есебінен үшінші апта қатарынан сәбіз (-0,8%), пияз (-0,7%), макарон өнімі (рожки), күріш және картоп (-0,2%) бағасының төмендеуі байқалады. Қалған өнімдердің бағалары тұрақты. Өңірлерде «айналым схемасын» қаржыландыру 48,9 млрд теңгеге жетті. Нысаналы деңгей 97,7%-ға қамтамасыз етілді. «Айналым схемасы» бойынша тиімді жұмыс Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында байқалады.


Жүргізіліп жатқан жұмыстардың төмен деңгейі Қызылорда және Маңғыстау облыстарында сақталып тұр. Қабылданған шаралардың арқасында ЖЖМ нарығындағы жағдай тұрақтанды. Бүгінде барлық МӨЗ тәулік сайынғы өндіріспен және ашық түсті мұнай өнімдерін ішкі нарыққа жөнелтумен штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Биылғы 19 қарашадағы жағдай бойынша мұнай өнімдерінің жеткілікті жиынтық қоры – 200,6 мың тонна бензин және 215,8 мың тонна дизель отыны қалыптастырылды, бұл елдің 15 тәуліктік қажеттілігін өтеуге жеткілікті.


Өткен аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі монополиялық жоғары бағаларды қою белгілері бойынша Қарағанды облысындағы құс фабрикасына қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласындағы тауық жұмыртқасы мен құс еті нарығы субъектілеріне бағалық сөз байласу және үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерінің бар екендігі туралы 7 ескерту жіберілді. Батыс Қазақстан, Қостанай, Атырау және Жамбыл облыстарында өндірушілермен, көтерме жеткізушілермен және сауда желілерімен монополияға қарсы комплаенстің 14 актісі жасалды.


Жалпы республика бойынша монополияға қарсы комплаенстің 154 актісі жасалды. Премьер-Министр орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және төмендету, сондай-ақ инфляцияның жалпы деңгейін 8,5% шегінде ұстап тұру жұмысын жалғастыруды тапсырды. Өңірлердің әкімдіктеріне өндіріс пен тұтыну теңгерімін ескере отырып, тұрақтандыру қорларында жеткілікті қорларды қамтамасыз ету, «айналым схемасы» бойынша қаржыландыруды ұсынылған көлемдерге дейін жеткізу, баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеретін өңірлік комиссиялардың жұмысын жандандыру тапсырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#азық-түлік #баға #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56

Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында 35 жоба іске асырылуда

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);