Елде темір жолдарды жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды

Елде темір жолдарды жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды Cурет: Көлік министрлігі

Осы маусымда темір жол көлігімен тасымалдау сапасын арттыру мақсатында 1400 шақырымға жуық темір жол жөндеуден өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бүгінгі таңда 1352 шақырым жол жөнделіп, 96% жұмыс аяқталды. Бұл туралы Көлік министрлігінің теміржол және су көлігі комитеті хабарлады.

Мәселен, еліміздің барлық өңірлерін қамтитын жұмыстардың басым бөлігі мына учаскелерде жасалды:

Ақтоғай-Семей-Алтай (153 ш/қ);
Шу-Қандыағаш (266 ш/қ);
Қандыағаш-Ақсарай (138 ш/қ);
Астана-Алматы (260 ш/қ);
Алматы-Павлодар (106 ш/қ);
Жаңа-Есіл-Көкшетау 161 шақырым және т.б.


Жалпы, темір жолдардың 569 шақырымы күрделі жөндеумен, 181 шақырымы кешенді жөндеумен және 602 шақырым жоспарлы - алдын ала жөндеумен қамтылды. Елдің солтүстігінде маусым аяқталды, оңтүстік өңірлердің жұмысы әлі де жүргізілуде.

2025 жылы тағы 1480 шақырым теміржолды жөндеу жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12

10:40

10:00

00:14

23:33

23:15

19:28

18:05

17:32

16:55

16:23

15:48

15:14

14:47