Елде темекі бағасы тағы өседі

Елде темекі бағасы тағы өседі Сурет: 7kun.kz

2023 жылдан бастап Қазақстанда темекі өнімдеріне акциз ставкалары кезең-кезеңімен өседі.


Ставкалар 2023, 2024 және 2025 жылдарға бекітілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, Салық кодексінің 463-бабы 4-тармағының 1) тармақшасындағы кестенің 14, 15, 16, 18, 21 және 22-жолдарына өзгерістер енгізілді.


Фильтрі бар сигареттер:



  • 2023 жылы – 14 100 теңге/1 000 дана;

  • 2024 жылы – 15 900 теңге/1 000 дана;

  • 2025 жылы - 15 900 теңге /1000 дана.


Сондай-ақ сигарилларға акциз ставкалары сигареттер ставкаларына теңестірілген. Қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға өлшем бірлігін килограмнан данаға өзгерте отырып, сигареттерге акциз ставкасының мөлшерінен 70 пайыз деңгейіндегі акциз ставкасы айқындалды:



  • 2023 жылы – 9 870 теңге /1000 дана;

  • 2024 жылы – 11 130 теңге /1000 дана;

  • 2025 жылы - 11 130 теңге /1000 дана.


Одан бөлек, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына өзгерістер енгізілді.


Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі никотині бар сұйықтыққа ставка артып:



  • 2023 жылы – 53 теңге/сұйықтық миллилитріне;

  • 2024 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне;

  • 2025 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12

10:40

10:00

00:14

23:33

23:15

19:28

18:05

17:32

16:55

16:23

15:48

15:14

14:47