AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елде тағы бір су қоймасы тасуы мүмкін

Елде тағы бір су қоймасы тасуы мүмкін

Әлеумет 04.04.2024, 11:17 1,038
Елде тағы бір су қоймасы тасуы мүмкін
Сурет: Egemen.kz




Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша облыстық штабтың отырысын өткізді.











Отырыста өңір әкімдерінің Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және су тасқынына қарсы іс-әрекеттерін күшейтуге бағытталған жұмыстары туралы баяндамалары тыңдалды. Кеңес барысында Құмар Ақсақалов әкімдер мен күш құрылымдарына бірқатар нақты тапсырма берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Қазіргі уақытта су  Жоғарғы Тобыл және Қаратомар су қоймаларының ернеуінен асты. Бірер күннен кейін Қаратомар су қоймасы тасуы ықтимал. Секундына 250 текше метрден астам су жүрген жағдайда төмен жатқан елді мекендерді су басу қаупі басым. Атап айтқанда, Рудный қаласына қарасты Перцев селосы, Б. Майлин ауданының Юбилейный кенті, Қостанай қаласындағы бақша қоғамдары және Қостанай ауданының Тобыл өзеніне жақын аумақтардың шеткі көшелеріне қауіп төніп тұр.


Осыған байланысты тұрғындарды мүлкімен, төрт түлігімен эвакуациялау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырамын. Барлық аудан және қала әкімдеріне бұған басымен жауап беретінін еске саламын. Су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенді түрде жүзеге асырылуы тиіс.


Қазіргі жағдайға даяр болуымыз қажет. Оңтүстік өңірлердегідей емес, біздің бүгінгі жағдайға толықтай даярланатын мерзіміміз болды, әлі де 1-2 күн уақытымыз бар. Біреу мүлкін жоғалтса, үйін немесе коммерциялық нысанын су басса, жауаптыларға қатаң шара қолданылатын болады», деді облыс әкімі.






Телеграм арнаға жазылыңыз
#cу қоймасы #тасу #су тасқыны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);