ffin.kz

Елде қазақтілді контентке сұраныс артып келеді

Елде қазақтілді контентке сұраныс артып келеді Сурет: Toplead.com.ua

Мамандар youtobe желісінде қазақстандық аудитория арасында ең көп қаралым жинайтын бейнероликтер қазақ тілінде екенін алға тартып отыр.


Youtobe статистикасы бойынша, 13 миллион қазақстандық бір айда 1 миллиардтан аса бейнеролик көреді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 



«Youtobe-тің статистикасы бойынша, 13 миллион қазақстандық бір айда 1 миллиардтан аса бейнеролик көреді. Олардың басым бөлігі - жергілікті авторлардың туындылары. 600 миллион қазақстандық бейнероликтің 60%-ы - қазақ тілінде. Шын айтсам, бұл қуантарлық көрсеткіш», - дейді Genesis Youtube Central Asia директоры Самсон Безмятежный.



Кино саласында да қазақтілді контентке сұраныс артты. Бірақ сұранысқа ұсыныс сай емес. Мемлекет қаржы бөліп, отандық киноиндустрияға барынша қолдау көрсетуі тиіс дейді көзі қарақты көрермен. Әрі олар балалар үшін ұсынылатын қазақ тіліндегі мультфильмдер жоқтың қасы екенін айтуда.



«Қазақша мультиктер аз. Өте аз. Сапалы мультиктер болса, жақсы болар еді. Орысша көреді. Ноутбук, телефоннан қосып берсең де, бірден Настя, Никита дегендерді көреді. Көп балалар соларды көреді», - дейді көрермендер.


«Өкінішке қарай, қазір балалар тек орысша немесе ағылшынша мультфильмдер көреді. Қазақша қосып берсек, қызық емес дейді. Сондықтан мән-мағынасы бар, көңілін аударатын, қызықты мультфильмдерді көбірек түсіру керек деп ойлаймын», - дейді тағы бір көрермен. 



Ал сарапшылар, мәселе қаржыда емес екенін қадап айтты. Жыл сайын отандық кино саласын дамыту үшін кем дегенде 5-6 млрд теңге бөлінеді екен. "Бірақ ол қаражатты мақсатты пайдалана отырып, қазақ тілінде сапалы фильм түсіретін мамандар әзірге жоқ", – дейді Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері.


Қазақтілді контенттің тапшылығы өскелең ұрпақтың тілінің тазалығына әсерін тигізіп отырғаны өз алдына үлкен мәселе. Қатпаған сананы «қара экранның» қалыптастырып жатқан жайы бар. Шетелдік мультфильмдерді қазақша сөйлеткен дубляж актері Айгүл Иманбаева осылай дейді.



«Біз ұрпақ тәрбиелейміз десек, әлемдік деңгейдегі сұранысқа ие кино, мультфильмдерді қазақ тілінде қазақ баласына ұсыну керек. Ел боламын десең, бесігіңді түзе. Қанша мультфильмдерді дыбыстауға қатысып, ішінде жүрсем де, премьераларын өзім барып көремін. Қаншама ата-ана балаларын ертіп келеді? Қазақ тілін білмейтін қанша бала келеді, білсе де, шала білетін келеді. Ал шыққан кезде қызығып, сол мультфильмдегі приколдарын айтып, қызық-қызық оқиғаларын айтып, ойнап келе жатады. Міне, тәрбие осыдан басталады. Балаға күнде мақал-мәтел айтып отыратын заман емес», - дейді дубляж актері Айгүл Иманбаева. 



Бүгінде Мәжілісте қазақ тілін дамытуға бағытталған заң жобасы қарастырылып жатыр. Оның нормаларына сәйкес, сапалы әрі қызықты фильмдер қазақтілді қауымға ұсынылуы тиіс. Жауаптылар жоба іске асырылса, көп шара атқарылады деп сендіріп отыр.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04