ffin.kz

Елбасы  Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: ҰЛТТЫҚ НАМЫС – ҰЛЫ ҰҒЫМ!

Елбасы  Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:  ҰЛТТЫҚ НАМЫС – ҰЛЫ ҰҒЫМ! kaz.nur.kz

Тұңғыш Президент күні ме­рекесіне орай біз оқырман­дарымыздың назарына Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың ел арасына тарап кеткен, «Алматы ақшамын­да» жарияланып жүрген Отан, Тәуелсіздік, Қазақ тілі, ұлттық мүдде мен ел бірлігі, жер тұтастығы, ұлтаралық жарастық жайлы жан тебі­реністері мен ғақлиялық пайымдауларынан әзірлен­ ген тағылымдық топтаманың бір парасын ұсынып отырмыз. Бұл ой-­толғаныс­тардың астарында ата­-баба­лар рухына, Тәуелсіздік мұ­раттарына, ұлттық руханият пен салт­-санаға, дәстүрге, Ана тілімізге деген құрмет бар, замандастарымыз бен жас ұрпақты елдік мұраттар­ға қайрау  бар...


 ***


Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар.


Ең бастысы – бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел  болашағы бар.


Сол күнге берік сенімі бар!


***


Біз бабаларымыз аңсаған Тəуелсіздікке қол жеткізіп, Ұлы дала төсінде əлем мо- йындаған мемлекет құрдық.


 ***


ХХI ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанатын ғасыр болатынына сенемін.


 ***


Біздің Отанымыз біреу, Тəуелсіздігіміз– біздің басты байлығымыз, оны əрбір азамат көзінің қарашығындай сақтауы тиіс.


 ***


Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман.


 ***


Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін əркім өзгені емес, өзін қамшылауға тиісті.


 ***


Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ.


 ***


Мемлекетіміздің діңгегі – қазақ халқы. Ел де, жер де – қазақтікі. Ел болудың ұяты да біздің жұрттың мойнында.


 ***


Ең бастысы, тату-тəтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыз бар. Ел дегенде, жер дегенде білегін сыбанып, іске дайын тұрған азаматтарымыз бар. Сан ғасырлар бойы талай теперішті көрсе де, жайсаң жанын, əсем əнін, күмбір күйін, əдемі əдет-ғұрпын, таза тілін сақтаған ұлтымыз бар. Міне, біздің басты байлығымыз – осы.


 ***


Тəуелсіздіктің қайта оралғаны – біздің ата-бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған əділдігі. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы.


 ***


Бойында қаны бар, намысы бар əрбір азамат: «Енді тəуелсіздікті қалай кемелдендіреміз, елдің көсегесін қайтсек көгертеміз?!» деп ой-санасын қамшылауы керек.


***


Халық кешпейтін бір-ақ нəрсе бар: елдің қолына зарықтырып келіп қонған бақыт құсынан – Тəуелсіздіктен айырылуды кешпейді.


***


Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік. Бар байлығымызды өзімізге бұйыратын еттік.


Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігіне жеттік.


Қысқасы, егемен ел болудың ең ауыр белесінен өттік.


 ***


Біз мемлекет құрдық. Құрғанда да, аты бар да заты жоқ мемлекет емес, бүкіл адамзат танитын, танып қана қоймаған, мойындайтын, құрметтейтін мемлекет құра алдық.


 ***


Қазақстанның тəуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Бұл – азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтардың қасиетті қанының өтеуі. Бұл – бүкіл тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халықтың пейілінің қайтарымы.


 ***


Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игіліктерді сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекеттігімізді нығайту жəне дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр.


 ***


Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.


***


Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі – тіл.


***


Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.


***


Ана тілін қадірлеу – əр азаматтың перзенттік парызы.


**


Бүгінгі біздің тəуелсіздігіміздің қайнар көзі қазақ халқының сан ғасырлар бойғы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04